عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَقُولُ لِأَهْلِ الْجَنَّةِ: “يَا أَهْلَ الْجَنَّةِ!” فَيَقُولُونَ: “لَبَّيْكَ رَبَّنَا وَسَعْدَيْكَ، وَالْخَيْرُ فِي يَدَيْكَ”. فَيَقُولُ: “هَلْ رَضِيتُمْ؟” فَيَقُولُونَ: “وَمَا لَنَا لَا نَرْضَى، يَا رَبِّ، وَقَدْ أَعْطَيْتَنَا مَا لَمْ تُعْطِ أَحَدًا مِنْ خَلْقِكَ؟” فَيَقُولُ: “أَلَا أُعْطِيكُمْ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ؟” فَيَقُولُونَ: “يَا رَبِّ، وَأَيُّ شَيْءٍ أَفْضَلُ مِنْ ذَلِكَ؟” فَيَقُولُ: “أُحِلُّ عَلَيْكُمْ رِضْوَانِي، فَلَا أَسْخَطُ عَلَيْكُمْ بَعْدَهُ أَبَدًا”».
Әбу Сағид әл-Худри Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Ұлы әрі аса мәртебелі Алла Жәннат тұрғындарына: “Уа, Жәннат тұрғындары!” – дейді. Олар: “Әміріңе әзірміз, уа, Раббымыз! Саған қызмет етуге дайынбыз. Барлық жақсылық Сенің қолыңда”, – дейді. Алла: “Разысыңдар ма?” – деп сұрайды. Олар: “Уа, Раббымыз! Сен бізге жаратқандарыңның ешқайсысына бермеген нәрсені бердің, қалайша разы болмайық?” – дейді. Алла: “Сендерге бұдан да артық нәрсе берейін бе?” – дейді. Олар: “Уа, Раббымыз! Бұдан артық қандай нәрсе болуы мүмкін?” – деп сұрайды. Сонда Алла: “Сендерді Өз ризалығыма бөлеймін. Бұдан кейін сендерге ешқашан қаһарланбаймын”, – дейді» (2829/9).