Хадис

Сахих Мүслим, № 1965

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
63. Жәннаттың сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ الْجَنَّةِ
бап
9. Жәннаттағы ағаштың көлеңкесінен салт аттының жүз жылда да шыға алмауы туралыبَابٌ: فِي الْجَنَّةِ شَجَرَةٌ يَسِيرُ الرَّاكِبُ فِي ظِلِّهَا مِائَةَ عَامٍ لَا يَقْطَعُهَا
Нөмірі
№ 1965 (Мухтасар реті)
1965
Мүслим, № 1965Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ لَشَجَرَةً، يَسِيرُ الرَّاكِبُ فِي ظِلِّهَا مِائَةَ عَامٍ، لَا يَقْطَعُهَا». قَالَ أَبُو حَازِمٍ: فَحَدَّثْتُ بِهِ النُّعْمَانَ بْنَ أَبِي عَيَّاشٍ الزُّرَقِيَّ، فَقَالَ: حَدَّثَنِي أَبُو سَعِيدٍ الْخُدْرِيُّ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ شَجَرَةً يَسِيرُ الرَّاكِبُ الْجَوَادَ الْمُضَمَّرَ السَّرِيعَ مِائَةَ عَامٍ مَا يَقْطَعُهَا».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд Алла Елшісінің (с.а.с.): «Расында, Жәннатта салт атты оның көлеңкесінде жүз жыл жүрсе де, шетіне жете алмайтын бір ағаш бар», – дегенін жеткізді. Әбу Хазим: «Мен бұл хадисті Нұғман ибн Әбу Айяш әз-Зурақиге баяндадым. Сонда ол маған Әбу Сағид әл-Худридің Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізген мына хадисін баяндады: “Расында, Жәннатта бәйгеге бапталған жүйрік тұлпарға мінген салт атты жүз жыл жүрсе де, көлеңкесінің шетіне жете алмайтын бір ағаш бар”», – деді (2827,2828/8).