Хадис

Сахих Мүслим, № 1971

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
63. Жәннаттың сипаты кітабыكِتَابُ صِفَةِ الْجَنَّةِ
бап
15. Жәннаттықтар мен тозақтықтар және олардың бұл дүниедегі белгілері туралыبَابٌ: فِي أَهْلِ الْجَنَّةِ وَأَهْلِ النَّارِ وَعَلَامَاتِهِمْ فِي الدُّنْيَا
Нөмірі
№ 1971 (Мухтасар реті)
1971
Мүслим, № 1971

عَنْ حَارِثَةَ بْنِ وَهْبٍ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ الْجَنَّةِ؟» قَالُوا: «بَلَى». قَالَ: «كُلُّ ضَعِيفٍ مُتَضَعَّفٍ، لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ». ثُمَّ قَالَ: «أَلَا أُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ النَّارِ؟» قَالُوا: «بَلَى». قَالَ: «كُلُّ عُتُلٍّ جَوَّاظٍ مُسْتَكْبِرٍ».

Қазақша аудармасы

Хариса ибн Уаһб Пайғамбардың (с.а.с.): «Сендерге Жәннат тұрғындары жайлы хабар берейін бе?» – дегенін естіген. Олар: «Әрине», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Әлсіз, жұрт менсінбейтін әрбір жан. Егер ол Алланың атымен ант етсе, Алла оның антын міндетті түрде ақтар еді», – деді. Содан кейін: «Сендерге Тозақ тұрғындары жайлы хабар берейін бе?» – деп сұрады. Олар: «Әрине», – деді. Ол (с.а.с.): «Әрбір дөрекі, дүниеқоңыз әрі тәкаппар адам», – деді (2853/46).