عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَالَ رَجُلٌ لَمْ يَعْمَلْ حَسَنَةً قَطُّ، لِأَهْلِهِ: إِذَا مَاتَ فَحَرِّقُوهُ، ثُمَّ اُذْرُوا نِصْفَهُ فِي الْبَرِّ وَنِصْفَهُ فِي الْبَحْرِ، فَوَاللَّهِ لَئِنْ قَدَرَ اللَّهُ عَلَيْهِ لَيُعَذِّبَنَّهُ عَذَابًا لَا يُعَذِّبُهُ أَحَدًا مِنَ الْعَالَمِينَ. فَلَمَّا مَاتَ الرَّجُلُ فَعَلُوا مَا أَمَرَهُمْ، فَأَمَرَ اللَّهُ الْبَرَّ فَجَمَعَ مَا فِيهِ، وَأَمَرَ الْبَحْرَ فَجَمَعَ مَا فِيهِ، ثُمَّ قَالَ: “لِمَ فَعَلْتَ هَذَا؟” قَالَ: “مِنْ خَشْيَتِكَ، يَا رَبِّ، وَأَنْتَ أَعْلَمُ”. فَغَفَرَ اللَّهُ لَهُ».
Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін риуаят етті: «Ешқашан бірде-бір жақсылық істемеген бір адам отбасына: “Мен өлгенде, денемді өртеп, күлінің жартысын құрлыққа, жартысын теңізге шашыңдар. Алланың атымен ант етемін, егер Алла мені қолға түсірсе, әлемде ешкімді азаптамағандай азаптайды”, – деді. Әлгі адам қайтыс болғанда, олар оның бұйрығын орындады. Сонда Алла құрлыққа бұйырды, құрлық өзіндегі күлді жинады. Теңізге де бұйырды, теңіз де өзіндегі күлді жинады. Содан кейін Алла одан: “Мұны не үшін істедің?” – деп сұрады. Ол: “Сенен қорыққанымнан, уа, Раббым! Мұны Өзің жақсы білесің”, – деді. Сонда Алла оны кешірді» (2756/24).