عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، قَالَ: كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَضَحِكَ، فَقَالَ: «هَلْ تَدْرُونَ مِمَّ أَضْحَكُ؟» قَالَ: قُلْنَا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: «مِنْ مُخَاطَبَةِ الْعَبْدِ رَبَّهُ، يَقُولُ: “يَا رَبِّ، أَلَمْ تُجِرْنِي مِنَ الظُّلْمِ؟” قَالَ: يَقُولُ: “بَلَى”. قَالَ: فَيَقُولُ: “فَإِنِّي لَا أُجِيزُ عَلَى نَفْسِي إِلَّا شَاهِدًا مِنِّي”. قَالَ: فَيَقُولُ: “كَفَى بِنَفْسِكَ الْيَوْمَ عَلَيْكَ شَهِيدًا، وَبِالْكِرَامِ الْكَاتِبِينَ شُهُودًا”. قَالَ: فَيُخْتَمُ عَلَى فِيهِ، فَيُقَالُ لِأَرْكَانِهِ: “اِنْطِقِي”. قَالَ: فَتَنْطِقُ بِأَعْمَالِهِ. قَالَ: ثُمَّ يُخَلَّى بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْكَلَامِ. قَالَ: فَيَقُولُ: “بُعْدًا لَكُنَّ وَسُحْقًا، فَعَنْكُنَّ كُنْتُ أُنَاضِلُ”».
Әнәс ибн Мәлик былай деді: «Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында отырған едік. Бір кезде ол күліп жіберді де: “Менің неге күлгенімді білесіңдер ме?” – деп сұрады. Біз: “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі”, – дедік. Ол (с.а.с.): “Құлдың Раббысымен сөйлескеніне күлемін. Құл: ‘Уа, Раббым! Мені әділетсіздіктен қорғамадың ба?’ – дейді. Алла: ‘Әрине’, – дейді. Сонда құл: ‘Өзіме қарсы өзімнен болған куәгерден өзгенің куәлігін қабылдамаймын’, – дейді. Алла: ‘Бүгін өзіңнің өзіңе қарсы куә болуың және амалдарды жазушы ардақты періштелердің куәгер болуы жеткілікті’, – дейді. Содан кейін оның аузы мөрленіп, дене мүшелеріне: ‘Сөйлеңдер!’ – делінеді. Сонда олар оның істеген амалдарын айтып береді. Кейін оған қайтадан сөйлеуге рұқсат етіледі. Сонда ол дене мүшелеріне: ‘Құрып кетіңдер! Көзіме көрінбеңдер! Мен сендерді қорғап, дауласып едім ғой!’ – дейді”, – деді» (2969/17).