Хадис

Сахих Мүслим, № 1935

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
60. Тәубе, оның қабыл болуы, Алланың рақымының кеңдігі және басқа мәселелер кітабыكِتَابُ التَّوْبَةِ وَقَبُولِهَا وَسَعَةِ رَحْمَةِ اللَّهِ وَغَيْرِ ذَلِكَ
бап
18. Күнә жасап, кейін Ұлы әрі аса мәртебелі Раббысынан кешірім сұраған адам туралыبَابٌ: فِيمَنْ أَذْنَبَ ثُمَّ اِسْتَغْفَرَ رَبَّهُ عَزَّ وَجَلَّ
Нөмірі
№ 1935 (Мухтасар реті)
1935
Мүслим, № 1935Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، فِيمَا يَحْكِي عَنْ رَبِّهِ عَزَّ وَجَلَّ، قَالَ: «أَذْنَبَ عَبْدٌ ذَنْبًا، فَقَالَ: “اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي ذَنْبِي”. فَقَالَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: “أَذْنَبَ عَبْدِي ذَنْبًا، فَعَلِمَ أَنَّ لَهُ رَبًّا يَغْفِرُ الذَّنْبَ، وَيَأْخُذُ بِالذَّنْبِ”. ثُمَّ عَادَ فَأَذْنَبَ، فَقَالَ: “أَيْ رَبِّ، اِغْفِرْ لِي ذَنْبِي”. فَقَالَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: “عَبْدِي أَذْنَبَ ذَنْبًا، فَعَلِمَ أَنَّ لَهُ رَبًّا يَغْفِرُ الذَّنْبَ، وَيَأْخُذُ بِالذَّنْبِ”. ثُمَّ عَادَ فَأَذْنَبَ فَقَالَ: “أَيْ رَبِّ، اِغْفِرْ لِي ذَنْبِي”. فَقَالَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: “أَذْنَبَ عَبْدِي ذَنْبًا، فَعَلِمَ أَنَّ لَهُ رَبًّا يَغْفِرُ الذَّنْبَ، وَيَأْخُذُ بِالذَّنْبِ، اِعْمَلْ مَا شِئْتَ فَقَدْ غَفَرْتُ لَكَ”». قَالَ عَبْدُ الْأَعْلَى: «لَا أَدْرِي أَقَالَ فِي الثَّالِثَةِ أَوِ الرَّابِعَةِ: “اِعْمَلْ مَا شِئْتَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Ұлы әрі аса мәртебелі Раббысынан жеткізген мына сөзін баяндады: «Бір құл күнә жасап: “Уа, Алла! Күнәмді кешіре гөр!” – деді. Сонда Игілігі мол әрі аса Жоғары Алла: “Құлым күнә жасады әрі күнәні кешіретін де, күнә үшін жазалайтын да Раббысы бар екенін білді”, – деді. Кейін ол қайтадан күнә жасап: “Уа, Раббым! Күнәмді кешіре гөр!” – деді. Сонда Игілігі мол әрі аса Жоғары Алла: “Құлым күнә жасады әрі күнәні кешіретін де, күнә үшін жазалайтын да Раббысы бар екенін білді”, – деді. Кейін ол тағы да күнә жасап: “Уа, Раббым! Күнәмді кешіре гөр!” – деді. Сонда Игілігі мол әрі аса Жоғары Алла: “Құлым күнә жасады әрі күнәні кешіретін де, күнә үшін жазалайтын да Раббысы бар екенін білді. Не қаласаң, соны істе, өйткені Мен сені кешірдім”, – деді». Абдул-Ағла: «“Не қаласаң, соны істе” деген сөздің үшінші ретте ме, әлде төртінші ретте ме айтылғанын білмеймін», – деді (2758/29).