عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «دَخَلْتُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ يُوعَكُ، فَمَسِسْتُهُ بِيَدِي، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّكَ لَتُوعَكُ وَعْكًا شَدِيدًا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَجَلْ، إِنِّي أُوعَكُ كَمَا يُوعَكُ رَجُلَانِ مِنْكُمْ”. قَالَ: فَقُلْتُ: “ذَلِكَ أَنَّ لَكَ أَجْرَيْنِ؟” فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَجَلْ”. ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا مِنْ مُسْلِمٍ يُصِيبُهُ أَذًى مِنْ مَرَضٍ فَمَا سِوَاهُ إِلَّا حَطَّ اللَّهُ بِهِ سَيِّئَاتِهِ، كَمَا تَحُطُّ الشَّجَرَةُ وَرَقَهَا”».
Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына кіргенімде, ол қатты сырқаттанып жатқан еді. Оны қолыммен ұстап көріп: “Уа, Расулалла! Сіз қатты сырқаттанып жатырсыз”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Иә, мен сендердің араларыңдағы екі адам қатар ауырғандай ауырамын”, – деді. Мен: “Бұл сізге екі есе сауап берілетіндіктен бе?” – деп сұрадым. Алла Елшісі (с.а.с.): “Иә”, – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Қандай да бір мұсылман аурудан немесе өзге бір нәрседен азап шексе, Алла сол арқылы ағаш жапырақтарын төккендей, оның күнәларын түсіреді”, – деді» (2571/45).