Хадис
كِتَابُ الرُّقَى

Дем салу кітабы

Сахих Мүслим, 42-кітап · 20 хадис · № 1443–1462

Мазмұны: 15 бап
  1. 1Жәбірейілдің (а.с.) Пайғамбарға (с.а.с.) дем салуы туралы
  2. 2Сиқыр және яһудилердің Пайғамбарға (с.а.с.) сиқыр жасауы туралы
  3. 3Науқасқа Алладан пана сұралатын «Муғаввизат» сүрелерін оқып, дем үрлеу туралы
  4. 4Алланың атымен дем салу және Одан пана сұрау туралы
  5. 5Намазда көңілді алаңдататын шайтаннан Аллаға сыйынып, пана сұрау туралы
  6. 6Улы жануар шаққан адамға «Үмм әл-Құран» («Фатиха») сүресін оқып, дем салу туралы
  7. 7Кез келген улы жануар шаққанда дем салу туралы
  8. 8Нәмлә деп аталатын тері жарасына дем салу туралы
  9. 9Сарышаян шаққанда дем салу туралы
  10. 10Көз тию – ақиқат. Сендерден жуыну сұралса, жуыныңдар
  11. 11Көз тиюге қарсы дем салу туралы
  12. 12Сұқ көздің әсеріне қарсы дем салу туралы
  13. 13Жер топырағын пайдаланып дем салу туралы
  14. 14Ер адамның отбасы мүшелері ауырғанда оларға дем салуы туралы
  15. 15Дем салуда ширк (Аллаға серік қосу) болмаса, оның оқасы жоқ
بَابٌ: فِي رُقْيَةِ جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ لِلنَّبِيِّ ﷺ

1-бапЖәбірейілдің (а.с.) Пайғамбарға (с.а.с.) дем салуы туралы

1443
Мүслим, № 1443Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّهَا قَالَتْ: «كَانَ إِذَا اِشْتَكَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَقَاهُ جِبْرِيلُ عَلَيْهِ السَّلَامُ، قَالَ: “بِاسْمِ اللَّهِ يُبْرِيكَ، وَمِنْ كُلِّ دَاءٍ يَشْفِيكَ، وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ، وَشَرِّ كُلِّ ذِي عَيْنٍ”».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша: «Алла Елшісі (с.а.с.) сырқаттанған кезде Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) оған дем салып: “Алланың атымен! Ол сені сауықтырсын, әрбір дерттен саған шипа берсін, қызғанышқа бой алдырған күншілдің жамандығынан әрі әрбір сұқ көз иесінің кесірінен қорғасын”, – дейтін», – деді (2185/39).

1444
Мүслим, № 1444

عَنْ عَبْدِ الْعَزِيزِ بْنِ صُهَيْبٍ، عَنْ أَبِي نَضْرَةَ، عَنْ أَبِي سَعِيدٍ، أَنَّ جِبْرِيلَ عَلَيْهِ السَّلَامُ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «يَا مُحَمَّدُ، اِشْتَكَيْتَ؟» فَقَالَ: «نَعَمْ». قَالَ: «بِاسْمِ اللَّهِ أَرْقِيكَ، مِنْ كُلِّ شَيْءٍ يُؤْذِيكَ، مِنْ شَرِّ كُلِّ نَفْسٍ أَوْ عَيْنِ حَاسِدٍ، اللَّهُ يَشْفِيكَ، بِاسْمِ اللَّهِ أَرْقِيكَ».

Қазақша аудармасы

Абдулазиз ибн Суһайб Әбу Надра арқылы Әбу Сағидтен мына хабарды жеткізді: «Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Мұхаммед! Сырқаттанып қалдың ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Иә”, – деді. Сонда Жәбірейіл (аләйһис-сәләм): “Саған зиян тигізетін әрбір нәрседен, әрбір жанның жамандығынан немесе күншілдің сұқ көзінен Алланың атымен саған дем саламын. Алла саған шипа берсін! Алланың атымен саған дем саламын”, – деді» (2186/40).

بَابٌ: فِي السِّحْرِ، وَسِحْرِ الْيَهُودِ لِلنَّبِيِّ ﷺ

2-бапСиқыр және яһудилердің Пайғамбарға (с.а.с.) сиқыр жасауы туралы

1445
Мүслим, № 1445Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: سَحَرَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَهُودِيٌّ مِنْ يَهُودِ بَنِي زُرَيْقٍ، يُقَالُ لَهُ: لَبِيدُ بْنُ الْأَعْصَمِ. قَالَتْ: حَتَّى كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُخَيَّلُ إِلَيْهِ أَنَّهُ يَفْعَلُ الشَّيْءَ، وَمَا يَفْعَلُهُ. حَتَّى إِذَا كَانَ ذَاتَ يَوْمٍ أَوْ ذَاتَ لَيْلَةٍ، دَعَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ دَعَا، ثُمَّ دَعَا، ثُمَّ قَالَ: «يَا عَائِشَةُ، أَشَعَرْتِ أَنَّ اللَّهَ أَفْتَانِي فِيمَا اسْتَفْتَيْتُهُ فِيهِ؟ جَاءَنِي رَجُلَانِ، فَقَعَدَ أَحَدُهُمَا عِنْدَ رَأْسِي وَالْآخَرُ عِنْدَ رِجْلَيَّ، فَقَالَ الَّذِي عِنْدَ رَأْسِي لِلَّذِي عِنْدَ رِجْلَيَّ» (أَوِ: «الَّذِي عِنْدَ رِجْلَيَّ لِلَّذِي عِنْدَ رَأْسِي»): «“مَا وَجَعُ الرَّجُلِ؟” قَالَ: “مَطْبُوبٌ”. قَالَ: “مَنْ طَبَّهُ؟” قَالَ: “لَبِيدُ بْنُ الْأَعْصَمِ”. قَالَ: “فِي أَيِّ شَيْءٍ؟” قَالَ: “فِي مُشْطٍ وَمُشَاطَةٍ”. قَالَ: “وَجُفِّ طَلْعَةِ ذَكَرٍ”. قَالَ: “فَأَيْنَ هُوَ؟” قَالَ: “فِي بِئْرِ ذِي أَرْوَانَ”». قَالَتْ: فَأَتَاهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي أُنَاسٍ مِنْ أَصْحَابِهِ، ثُمَّ قَالَ: «يَا عَائِشَةُ، وَاللَّهِ لَكَأَنَّ مَاءَهَا نُقَاعَةُ الْحِنَّاءِ، وَكَانَ نَخْلُهَا رُؤُوسَ الشَّيَاطِينِ». قَالَتْ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا أَحْرَقْتَهُ؟» قَالَ: «لَا، أَمَّا أَنَا فَقَدْ عَافَانِي اللَّهُ، وَكَرِهْتُ أَنْ أُثِيرَ عَلَى النَّاسِ شَرًّا، فَأَمَرْتُ بِهَا فَدُفِنَتْ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Бәни Зурайқ яһудилерінің арасынан шыққан Ләбид ибн әл-Ағсам есімді бір яһуди Алла Елшісіне (с.а.с.) сиқыр жасады. Соның салдарынан Алла Елшісіне (с.а.с.) істемеген нәрсесін істегендей болып елестейтін болды. Бір күні немесе бір түні Алла Елшісі (с.а.с.) дұға етті, тағы да дұға етті, тағы да дұға етті. Содан кейін ол (с.а.с.): “Уа, Айша! Алладан шешім сұраған мәселемде Оның маған жауап бергенін білесің бе? Маған екі адам келіп, бірі бас жағымда, екіншісі аяқ жағымда отырды. Бас жағымда отырған адам аяқ жағымда отырған адамнан немесе аяқ жағымда отырған адам бас жағымда отырған адамнан: ‘Бұл кісіге не болған?’ – деп сұрады. Ол: ‘Оған сиқыр жасалған’, – деді. ‘Оған сиқырды кім жасады?’ – деп сұрады. Ол: ‘Ләбид ибн әл-Ағсам’, – деді. ‘Сиқырды не нәрсеге жасады?’ – деп сұрады. Ол: ‘Тараққа, тарағанда түскен шашқа және аталық құрма гүлінің қабығына’, – деді. ‘Ол қайда?’ – деп сұрады. Ол: ‘Зу Аруан құдығында’, – деді”, – деді». Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бірнеше сахабасымен бірге сол құдыққа барды. Содан кейін: “Уа, Айша! Алламен ант етемін, оның суы хина жібітілген судай, ал жанындағы құрма ағаштары шайтандардың бастарындай екен”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Оны неге өртеп жібермедіңіз?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Жоқ. Алла маған шипа берді. Ал мен оның кесірінен адамдар арасында жамандық қозғауды қаламадым. Сондықтан оны көмуді бұйырдым”, – деді» (2189/43).

بَابٌ: الْقِرَاءَةُ عَلَى الْمَرِيضِ بِالْمُعَوِّذَاتِ وَالنَّفْثِ

3-бапНауқасқа Алладан пана сұралатын «Муғаввизат» сүрелерін оқып, дем үрлеу туралы

1446
Мүслим, № 1446Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا مَرِضَ أَحَدٌ مِنْ أَهْلِهِ نَفَثَ عَلَيْهِ بِالْمُعَوِّذَاتِ، فَلَمَّا مَرِضَ مَرَضَهُ الَّذِي مَاتَ فِيهِ، جَعَلْتُ أَنْفُثُ عَلَيْهِ وَأَمْسَحُهُ بِيَدِ نَفْسِهِ؛ لِأَنَّهَا كَانَتْ أَعْظَمَ بَرَكَةً مِنْ يَدِي».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) отбасы мүшелерінің бірі ауырса, оған “Муғаввизат” сүрелерін оқып, жеңіл үрлейтін. Ал өзі дүние салар алдындағы науқасына шалдыққанда, мен оған осы сүрелерді оқып, жеңіл үрлей бастадым әрі оның өз қолын денесіне жүргіздім. Өйткені оның қолы менің қолымнан әлдеқайда берекелі еді» (2192/50).

بَابٌ: الرُّقْيَةُ بِاسْمِ اللَّهِ وَالتَّعْوِيذُ

4-бапАлланың атымен дем салу және Одан пана сұрау туралы

1447
Мүслим, № 1447

عَنْ عُثْمَانَ بْنِ أَبِي الْعَاصِ الثَّقَفِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ شَكَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَجَعًا يَجِدُهُ فِي جَسَدِهِ مُنْذُ أَسْلَمَ، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ضَعْ يَدَكَ عَلَى الَّذِي تَأْلَمُ مِنْ جَسَدِكَ، وَقُلْ: “بِاسْمِ اللَّهِ” ثَلَاثًا، وَقُلْ سَبْعَ مَرَّاتٍ: “أَعُوذُ بِاللَّهِ وَقُدْرَتِهِ مِنْ شَرِّ مَا أَجِدُ وَأُحَاذِرُ”».

Қазақша аудармасы

Осман ибн Әбу әл-Ас әс-Сақафи (р.а.) Исламды қабылдағаннан бері денесінде сезіліп жүрген ауруын Алла Елшісіне (с.а.с.) айтып шағымданды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Қолыңды денеңнің ауырған жеріне қойып, үш рет: “Алланың атымен”, – де. Содан кейін жеті рет: “Сезіп жүрген әрі қауіптенетін дертімнің кесірінен Аллаға және Оның құдіретіне сыйынамын”, – де», – деді (2202/67).

بَابٌ: التَّعَوُّذُ مِنْ شَيْطَانِ الْوَسْوَسَةِ فِي الصَّلَاةِ

5-бапНамазда көңілді алаңдататын шайтаннан Аллаға сыйынып, пана сұрау туралы

1448
Мүслим, № 1448

عَنْ أَبِي الْعَلَاءِ، أَنَّ عُثْمَانَ بْنَ أَبِي الْعَاصِ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ الشَّيْطَانَ قَدْ حَالَ بَيْنِي وَبَيْنَ صَلَاتِي وَقِرَاءَتِي يَلْبِسُهَا عَلَيَّ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ذَاكَ شَيْطَانٌ يُقَالُ لَهُ خَنْزَبٌ، فَإِذَا أَحْسَسْتَهُ فَتَعَوَّذْ بِاللَّهِ مِنْهُ، وَاتْفِلْ عَلَى يَسَارِكَ ثَلَاثًا». قَالَ: «فَعَلْتُ ذَلِكَ فَأَذْهَبَهُ اللَّهُ عَنِّي».

Қазақша аудармасы

Әбу әл-Аланың айтуынша, Осман ибн Әбу әл-Ас Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Шайтан менің намазым мен Құран оқуыма кедергі келтіріп, оқуымды шатастыратын болды», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол – Ханзаб деп аталатын шайтан. Оның әсерін сезсең, одан Аллаға сыйынып, сол жағыңа үш рет жеңіл түкір», – деді. Осман: «Мен солай істеген едім, Алла оны менен алыстатты», – деді (2203/68).

بَابٌ: رُقْيَةُ اللَّدِيغِ بِأُمِّ الْقُرْآنِ

6-бапУлы жануар шаққан адамға «Үмм әл-Құран» («Фатиха») сүресін оқып, дем салу туралы

1449
Мүслим, № 1449Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ نَاسًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَانُوا فِي سَفَرٍ، فَمَرُّوا بِحَيٍّ مِنْ أَحْيَاءِ الْعَرَبِ، فَاسْتَضَافُوهُمْ فَلَمْ يُضِيفُوهُمْ، فَقَالُوا لَهُمْ: «هَلْ فِيكُمْ رَاقٍ؟ فَإِنَّ سَيِّدَ الْحَيِّ لَدِيغٌ أَوْ مُصَابٌ». فَقَالَ رَجُلٌ مِنْهُمْ: «نَعَمْ». فَأَتَاهُ فَرَقَاهُ بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ، فَبَرَأَ الرَّجُلُ، فَأُعْطِيَ قَطِيعًا مِنْ غَنَمٍ، فَأَبَى أَنْ يَقْبَلَهَا، وَقَالَ: «حَتَّى أَذْكُرَ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ»، فَأَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَاللَّهِ مَا رَقَيْتُ إِلَّا بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ». فَتَبَسَّمَ وَقَالَ: «وَمَا أَدْرَاكَ أَنَّهَا رُقْيَةٌ؟» ثُمَّ قَالَ: «خُذُوا مِنْهُمْ، وَاضْرِبُوا لِي بِسَهْمٍ مَعَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісінің (с.а.с.) бірнеше сахабасы сапарда келе жатып, араб руларының бірінің қонысына тоқтады. Олар ру адамдарынан өздерін қонақ етуді сұрады, алайда олар қонақ етуден бас тартты. Кейін ру адамдары: «Араларыңда дем салатын адам бар ма? Ру басшысын бір нәрсе шағып алды немесе ол бір кеселге ұшырады», – деді. Сахабалардың бірі: «Иә», – деп, оған барды да, «Фатиха» сүресін оқып, дем салды. Сөйтіп, әлгі адам айығып кетті. Дем салған сахабаға бір отар қой берілді. Бірақ ол қойларды қабылдаудан бас тартып: «Мұны Пайғамбарға (с.а.с.) барып айтпайынша, қабылдамаймын», – деді. Содан кейін Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, болған жайды баяндады да: «Уа, Расулалла! Алламен ант етемін, мен оған тек “Фатиха” сүресін оқып қана дем салдым», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) жымиып: «Оның дем салуға қолданылатынын қайдан білдің?» – деді. Содан кейін: «Олардың бергенін алыңдар әрі маған да бір үлес бөліңдер», – деді (2201/65).

بَابٌ: الرُّقْيَةُ مِنْ كُلِّ ذِي حُمَةٍ

7-бапКез келген улы жануар шаққанда дем салу туралы

1450
Мүслим, № 1450

عَنِ الْأَسْوَدِ، قَالَ: «سَأَلْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَنِ الرُّقْيَةِ، فَقَالَتْ: “رَخَّصَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَهْلِ بَيْتٍ مِنَ الْأَنْصَارِ فِي الرُّقْيَةِ مِنْ كُلِّ ذِي حُمَةٍ”».

Қазақша аудармасы

Әл-Асуад былай деді: «Мен Айшадан (р.а.) дем салу жайында сұрадым. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) ансардың бір әулетіне кез келген улы жануар шаққанда дем салуға рұқсат етті”, – деді» (2193/52).

بَابٌ: فِي الرُّقْيَةِ مِنَ النَّمْلَةِ

8-бапНәмлә деп аталатын тері жарасына дем салу туралы

1451
Мүслим, № 1451Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «رَخَّصَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي الرُّقْيَةِ مِنَ الْعَيْنِ، وَالْحُمَةِ، وَالنَّمْلَةِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) сұқ көз тигенде, улы жануар шаққанда және нәмлә деп аталатын тері жарасына дем салуға рұқсат берді», – деді (2196/58).

بَابٌ: فِي الرُّقْيَةِ مِنَ الْعَقْرَبِ

9-бапСарышаян шаққанда дем салу туралы

1452
Мүслим, № 1452Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الرُّقَى، فَجَاءَ آلُ عَمْرِو بْنِ حَزْمٍ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالُوا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّهُ كَانَتْ عِنْدَنَا رُقْيَةٌ نَرْقِي بِهَا مِنَ الْعَقْرَبِ، وَإِنَّكَ نَهَيْتَ عَنِ الرُّقَى”. قَالَ: فَعَرَضُوهَا عَلَيْهِ، فَقَالَ: “مَا أَرَى بَأْسًا. مَنِ اسْتَطَاعَ مِنْكُمْ أَنْ يَنْفَعَ أَخَاهُ فَلْيَنْفَعْهُ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) дем салуға тыйым салды. Сонда Амр ибн Хазмның әулеті Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Бізде сарышаян шаққан адамға дем салғанда оқылатын сөздер бар еді. Ал сіз дем салуға тыйым салдыңыз”, – деді. Содан кейін олар сол сөздерді оған оқып көрсетті. Ол (с.а.с.): “Мен бұдан ешбір әбестік көріп тұрған жоқпын. Араларыңнан кім бауырына пайдасын тигізе алса, оған пайдасын тигізсін”, – деді» (2199/63).

1453
Мүслим, № 1453Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: «جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا لَقِيتُ مِنْ عَقْرَبٍ لَدَغَتْنِي الْبَارِحَةَ”. قَالَ: “أَمَا لَوْ قُلْتَ حِينَ أَمْسَيْتَ: ‘أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ’، لَمْ تَضُرَّكَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Өткен түні сарышаян шағып, одан қаншама азап көрдім!” – деді. Ол (с.а.с.): “Кеш батқанда: ‘أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ’ – ‘Алланың кемел сөздері арқылы Оның жаратқандарының жамандығынан пана тілеймін’, – дегеніңде, ол саған зиян тигізбес еді”, – деді» (2709/55).

بَابٌ: الْعَيْنُ حَقٌّ وَإِذَا اسْتُغْسِلْتُمْ فَاغْسِلُوا

10-бапКөз тию – ақиқат. Сендерден жуыну сұралса, жуыныңдар

1454
Мүслим, № 1454Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «الْعَيْنُ حَقٌّ، وَلَوْ كَانَ شَيْءٌ سَابَقَ الْقَدَرَ سَبَقَتْهُ الْعَيْنُ، وَإِذَا اسْتُغْسِلْتُمْ فَاغْسِلُوا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Көз тию – ақиқат. Егер тағдырдан оза алатын бір нәрсе болғанда, көз тию одан озар еді. Сендерден жуыну сұралса, жуыныңдар», – деді (2188/42).

بَابٌ: فِي الرُّقْيَةِ مِنَ الْعَيْنِ

11-бапКөз тиюге қарсы дем салу туралы

1455
Мүслим, № 1455Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَأْمُرُنِي أَنْ أَسْتَرْقِيَ مِنَ الْعَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) маған сұқ көз тигенде дем салдыруды бұйыратын», – деді (2195/56).

1456
Мүслим, № 1456Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «رَخَّصَ النَّبِيُّ ﷺ لِآلِ حَزْمٍ فِي رُقْيَةِ الْحَيَّةِ، وَقَالَ لِأَسْمَاءَ بِنْتِ عُمَيْسٍ: “مَا لِي أَرَى أَجْسَامَ بَنِي أَخِي ضَارِعَةً تُصِيبُهُمُ الْحَاجَةُ؟” قَالَتْ: “لَا، وَلَكِنِ الْعَيْنُ تُسْرِعُ إِلَيْهِمْ”. قَالَ: “اِرْقِيهِمْ”. قَالَتْ: “فَعَرَضْتُ عَلَيْهِ”. فَقَالَ: “اِرْقِيهِمْ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Хазм әулетіне жылан шаққанда дем салуға рұқсат берді. Ол Әсма бинт Умәйсқа: “Бауырымның балаларының денелері неге жүдеу көрінеді? Олар жоқшылық көріп жүр ме?” – деді. Әсма: “Жоқ, алайда оларға сұқ көз тез тиеді”, – деді. Ол (с.а.с.): “Оларға дем сал”, – деді. Әсма: “Оған дем салғанда оқитын сөздерімді айтып бердім”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Оларға дем сал”, – деді» (2198/60).

بَابٌ: فِي الرُّقْيَةِ مِنَ النَّظْرَةِ

12-бапСұқ көздің әсеріне қарсы дем салу туралы

1457
Мүслим, № 1457Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لِجَارِيَةٍ فِي بَيْتِ أُمِّ سَلَمَةَ، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، رَأَى بِوَجْهِهَا سَفْعَةً، فَقَالَ: «بِهَا نَظْرَةٌ، فَاسْتَرْقُوا لَهَا». يَعْنِي بِوَجْهِهَا صُفْرَةً.

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Үммі Сәләмәнің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) өзінің жұбайы Үммі Сәләмәнің үйіндегі бір қыздың бетінен дақ көріп: «Оған сұқ көз тиген. Оған дем салдырыңдар», – деді. Яғни оның бетінде сарғыш рең бар еді (2197/59).

بَابٌ: الرُّقْيَةُ بِتُرْبَةِ الْأَرْضِ

13-бапЖер топырағын пайдаланып дем салу туралы

1458
Мүслим, № 1458Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا اِشْتَكَى الْإِنْسَانُ الشَّيْءَ مِنْهُ، أَوْ كَانَتْ بِهِ قَرْحَةٌ أَوْ جُرْحٌ، قَالَ النَّبِيُّ ﷺ بِإِصْبَعِهِ هَكَذَا (وَوَضَعَ سُفْيَانُ سَبَّابَتَهُ بِالْأَرْضِ، ثُمَّ رَفَعَهَا): «بِاسْمِ اللَّهِ، تُرْبَةُ أَرْضِنَا، بِرِيقَةِ بَعْضِنَا، لِيُشْفَى بِهِ سَقِيمُنَا، بِإِذْنِ رَبِّنَا». قَالَ ابْنُ أَبِي شَيْبَةَ: «يُشْفَى سَقِيمُنَا». وَقَالَ زُهَيْرٌ: «لِيُشْفَى سَقِيمُنَا».

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Адамның бір жері ауырса немесе денесінде жара не жарақат болса, Пайғамбар (с.а.с.) саусағымен былай жасайтын», – делінген. Суфиян сұқ саусағын жерге тигізіп, кейін көтерді де, Пайғамбардың (с.а.с.): «Алланың атымен! Арамыздағы біріміздің сілекейі араласқан жеріміздің топырағы арқылы Раббымыздың рұқсатымен науқасымыз шипа тапсын», – дегенін жеткізді. Ибн Әбу Шәйбаның риуаятында: «Науқасымыз шипа табады», – делінсе, Зуһайрдың риуаятында: «Науқасымыз шипа тапсын», – делінген (2194/54).

1459
Мүслим, № 1459

عَنْ خَوْلَةَ بِنْتِ حَكِيمٍ السُّلَمِيَّةِ، تَقُولُ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَنْ نَزَلَ مَنْزِلًا ثُمَّ قَالَ: ‘أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ’، لَمْ يَضُرَّهُ شَيْءٌ حَتَّى يَرْتَحِلَ مِنْ مَنْزِلِهِ ذَلِكَ”».

Қазақша аудармасы

Хаула бинт Хаким әс-Суләмия: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім бір жерге аялдап, содан кейін: ‘Алланың кемел сөздері арқылы Оның жаратқандарының жамандығынан пана тілеймін’, – десе, сол жерден аттанып кеткенше оған еш нәрсе зиян келтірмейді”, – дегенін естідім», – деді (2708/54).

بَابٌ: رُقْيَةُ الرَّجُلِ أَهْلَهُ إِذَا اشْتَكَوْا

14-бапЕр адамның отбасы мүшелері ауырғанда оларға дем салуы туралы

1460
Мүслим, № 1460Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا اِشْتَكَى مِنَّا إِنْسَانٌ مَسَحَهُ بِيَمِينِهِ، ثُمَّ قَالَ: “أَذْهِبِ الْبَأْسَ، رَبَّ النَّاسِ، وَاشْفِ أَنْتَ الشَّافِي، لَا شِفَاءَ إِلَّا شِفَاؤُكَ، شِفَاءً لَا يُغَادِرُ سَقَمًا”. فَلَمَّا مَرِضَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَثَقُلَ، أَخَذْتُ بِيَدِهِ لِأَصْنَعَ بِهِ نَحْوَ مَا كَانَ يَصْنَعُ، فَانْتَزَعَ يَدَهُ مِنْ يَدِي، ثُمَّ قَالَ: “اللَّهُمَّ اِغْفِرْ لِي وَاجْعَلْنِي مَعَ الرَّفِيقِ الْأَعْلَى”. قَالَتْ: فَذَهَبْتُ أَنْظُرُ، فَإِذَا هُوَ قَدْ قَضَى».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Арамыздан біреу сырқаттанып қалса, Алла Елшісі (с.а.с.) оны оң қолымен сипап: “Дертті кетір, уа, адамдардың Раббысы! Шипа бере гөр! Шипа беруші – Өзіңсің. Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ешбір дерт қалдырмайтын шипа бере гөр!” – дейтін. Алла Елшісі (с.а.с.) сырқаттанып, дерті ауырлаған кезде, бұрын өзі істегеніндей жасау үшін оның қолын ұстадым. Алайда ол қолын менің қолымнан тартып алып: “Уа, Алла! Мені кешіріп, ең жоғары мәртебелі серіктердің қатарына қоса гөр!” – деді. Содан кейін қарағанымда, ол жан тапсырған екен» (2191/46).

1461
Мүслим, № 1461Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَرْقِي بِهَذِهِ الرُّقْيَةِ: «أَذْهِبِ الْبَأْسَ، رَبَّ النَّاسِ، بِيَدِكَ الشِّفَاءُ، لَا كَاشِفَ لَهُ إِلَّا أَنْتَ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) мына дұғамен дем салатын: «Дертті кетір, уа, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда. Дертті Сенен басқа ешкім кетіре алмайды» (2191/49).

بَابٌ: لَا بَأْسَ بِالرُّقَى مَا لَمْ يَكُنْ فِيهِ شِرْكٌ

15-бапДем салуда ширк (Аллаға серік қосу) болмаса, оның оқасы жоқ

1462
Мүслим, № 1462Риуаят етуші: Ауф ибн Мәлик әл-Әшжағи

عَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ الْأَشْجَعِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنَّا نَرْقِي فِي الْجَاهِلِيَّةِ، فَقُلْنَا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ تَرَى فِي ذَلِكَ؟” فَقَالَ: “اِعْرِضُوا عَلَيَّ رُقَاكُمْ، لَا بَأْسَ بِالرُّقَى مَا لَمْ يَكُنْ فِيهِ شِرْكٌ”».

Қазақша аудармасы

Ауф ибн Мәлик әл-Әшжағи (р.а.) былай деді: «Біз жәһилиет дәуірінде дем салатынбыз. Сондықтан: “Уа, Расулалла! Бұған қалай қарайсыз?” – деп сұрадық. Ол (с.а.с.): “Дем салғанда оқитын сөздеріңді маған айтып беріңдер. Құрамында ширк болмаса, дем салудың оқасы жоқ”, – деді» (2200/64).