Хадис

Сахих Мүслим, № 1462

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
42. Дем салу кітабыكِتَابُ الرُّقَى
бап
15. Дем салуда ширк (Аллаға серік қосу) болмаса, оның оқасы жоқبَابٌ: لَا بَأْسَ بِالرُّقَى مَا لَمْ يَكُنْ فِيهِ شِرْكٌ
Нөмірі
№ 1462 (Мухтасар реті)
1462
Мүслим, № 1462Риуаят етуші: Ауф ибн Мәлик әл-Әшжағи

عَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ الْأَشْجَعِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنَّا نَرْقِي فِي الْجَاهِلِيَّةِ، فَقُلْنَا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ تَرَى فِي ذَلِكَ؟” فَقَالَ: “اِعْرِضُوا عَلَيَّ رُقَاكُمْ، لَا بَأْسَ بِالرُّقَى مَا لَمْ يَكُنْ فِيهِ شِرْكٌ”».

Қазақша аудармасы

Ауф ибн Мәлик әл-Әшжағи (р.а.) былай деді: «Біз жәһилиет дәуірінде дем салатынбыз. Сондықтан: “Уа, Расулалла! Бұған қалай қарайсыз?” – деп сұрадық. Ол (с.а.с.): “Дем салғанда оқитын сөздеріңді маған айтып беріңдер. Құрамында ширк болмаса, дем салудың оқасы жоқ”, – деді» (2200/64).