Хадис

Сахих Мүслим, № 1446

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
42. Дем салу кітабыكِتَابُ الرُّقَى
бап
3. Науқасқа Алладан пана сұралатын «Муғаввизат» сүрелерін оқып, дем үрлеу туралыبَابٌ: الْقِرَاءَةُ عَلَى الْمَرِيضِ بِالْمُعَوِّذَاتِ وَالنَّفْثِ
Нөмірі
№ 1446 (Мухтасар реті)
1446
Мүслим, № 1446Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا مَرِضَ أَحَدٌ مِنْ أَهْلِهِ نَفَثَ عَلَيْهِ بِالْمُعَوِّذَاتِ، فَلَمَّا مَرِضَ مَرَضَهُ الَّذِي مَاتَ فِيهِ، جَعَلْتُ أَنْفُثُ عَلَيْهِ وَأَمْسَحُهُ بِيَدِ نَفْسِهِ؛ لِأَنَّهَا كَانَتْ أَعْظَمَ بَرَكَةً مِنْ يَدِي».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) отбасы мүшелерінің бірі ауырса, оған “Муғаввизат” сүрелерін оқып, жеңіл үрлейтін. Ал өзі дүние салар алдындағы науқасына шалдыққанда, мен оған осы сүрелерді оқып, жеңіл үрлей бастадым әрі оның өз қолын денесіне жүргіздім. Өйткені оның қолы менің қолымнан әлдеқайда берекелі еді» (2192/50).