عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَقُولُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: “يَا ابْنَ آدَمَ، مَرِضْتُ فَلَمْ تَعُدْنِي”. قَالَ: “يَا رَبِّ، كَيْفَ أَعُودُكَ وَأَنْتَ رَبُّ الْعَالَمِينَ؟” قَالَ: “أَمَا عَلِمْتَ أَنَّ عَبْدِي فُلَانًا مَرِضَ فَلَمْ تَعُدْهُ؟ أَمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ عُدْتَهُ لَوَجَدْتَنِي عِنْدَهُ؟ يَا ابْنَ آدَمَ، اِسْتَطْعَمْتُكَ فَلَمْ تُطْعِمْنِي”. قَالَ: “يَا رَبِّ، وَكَيْفَ أُطْعِمُكَ وَأَنْتَ رَبُّ الْعَالَمِينَ؟” قَالَ: “أَمَا عَلِمْتَ أَنَّهُ اِسْتَطْعَمَكَ عَبْدِي فُلَانٌ، فَلَمْ تُطْعِمْهُ؟ أَمَا عَلِمْتَ أَنَّكَ لَوْ أَطْعَمْتَهُ لَوَجَدْتَ ذَلِكَ عِنْدِي. يَا ابْنَ آدَمَ، اِسْتَسْقَيْتُكَ، فَلَمْ تَسْقِنِي”. قَالَ: “يَا رَبِّ، كَيْفَ أَسْقِيكَ وَأَنْتَ رَبُّ الْعَالَمِينَ؟” قَالَ: “اِسْتَسْقَاكَ عَبْدِي فُلَانٌ فَلَمْ تَسْقِهِ، أَمَا إِنَّكَ لَوْ سَقَيْتَهُ وَجَدْتَ ذَلِكَ عِنْدِي”».
Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла Қиямет күні: “Уа, Адам баласы! Мен ауырдым, ал сен Менің көңілімді сұрамадың”, – дейді. Сонда ол: “Уа, Раббым! Сен әлемдердің Раббысы бола тұра, мен Сенің көңіліңді қалай сұраймын?” – дейді. Алла: “Пәленше құлымның ауырғанын, ал сен оның көңілін сұрамағаныңды білмедің бе? Егер оның көңілін сұрағаныңда, Мені оның жанынан табатыныңды білмедің бе? Уа, Адам баласы! Мен сенен тамақ сұрадым, ал сен Мені тамақтандырмадың”, – дейді. Ол: “Уа, Раббым! Сен әлемдердің Раббысы бола тұра, мен Сені қалай тамақтандырамын?” – дейді. Алла: “Пәленше құлымның сенен тамақ сұрағанын, ал сен оны тамақтандырмағаныңды білмедің бе? Егер оны тамақтандырғаныңда, оның сауабын Менің құзырымнан табатыныңды білмедің бе? Уа, Адам баласы! Мен сенен су сұрадым, ал сен Маған су бермедің”, – дейді. Ол: “Уа, Раббым! Сен әлемдердің Раббысы бола тұра, мен Саған қалай су беремін?” – дейді. Алла: “Пәленше құлым сенен су сұрады, ал сен оған су бермедің. Егер оған су бергеніңде, оның сауабын Менің құзырымнан табар едің”, – дейді» (2569/43).