Хадис

Сахих Мүслим, № 1468

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
43. Ауру және емдеу кітабыكِتَابُ الْمَرَضِ وَالطِّبِّ
бап
5. «Қызба тозақтың ыстық лебінен болады, сондықтан оны сумен басыңдар» деген сөз туралыبَابٌ: الْحُمَّى مِنْ فَيْحِ جَهَنَّمَ فَأَبْرِدُوهَا بِالْمَاءِ
Нөмірі
№ 1468 (Мухтасар реті)
1468
Мүслим, № 1468Риуаят етуші: Әсма

عَنْ أَسْمَاءَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهَا كَانَتْ تُؤْتَى بِالْمَرْأَةِ الْمَوْعُوكَةِ، فَتَدْعُو بِالْمَاءِ فَتَصُبُّهُ فِي جَيْبِهَا، وَتَقُولُ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “اُبْرُدُوهَا بِالْمَاءِ”. وَقَالَ: “إِنَّهَا مِنْ فَيْحِ جَهَنَّمَ”».

Қазақша аудармасы

Әсманың (р.а.) айтуынша, оның алдына қызбамен ауырған әйелді әкелетін. Сонда ол су алдырып, оны әйелдің көйлегінің жағасынан құятын да: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Оны сумен салқындатыңдар”, – деген. Сондай-ақ: “Расында, ол – Жәһаннамның аптапты ыстығынан”, – деген», – дейтін (2211/82).