Хадис

Сахих Мүслим, № 1250

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
36. Аңшылық және мал сою кітабыكِتَابُ الصَّيْدِ وَالذَّبَائِحِ
бап
10. Қанды ағызатын құралмен мал сою және мал сойғанда тіс пен тырнақты пайдалануға тыйым салу туралыبَابٌ: الذَّبْحُ بِمَا أَنْهَرَ الدَّمَ، وَالنَّهْيُ عَنِ السِّنِّ وَالظُّفُرِ
Нөмірі
№ 1250 (Мухтасар реті)
1250
Мүслим, № 1250Риуаят етуші: Рафиғ ибн Хадиж

عَنْ رَافِعِ بْنِ خَدِيجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا لَاقُو الْعَدُوِّ غَدًا، وَلَيْسَتْ مَعَنَا مُدًى”. قَالَ ﷺ: “أَعْجِلْ” (أَوْ: “أَرِنْ”) “مَا أَنْهَرَ الدَّمَ، وَذُكِرَ اسْمُ اللَّهِ، فَكُلْ، لَيْسَ السِّنَّ وَالظُّفُرَ، وَسَأُحَدِّثُكَ: أَمَّا السِّنُّ فَعَظْمٌ، وَأَمَّا الظُّفُرُ فَمُدَى الْحَبَشَةِ”. قَالَ: وَأَصَبْنَا نَهْبَ إِبِلٍ وَغَنَمٍ، فَنَدَّ مِنْهَا بَعِيرٌ، فَرَمَاهُ رَجُلٌ بِسَهْمٍ فَحَبَسَهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّ لِهَذِهِ الْإِبِلِ أَوَابِدَ كَأَوَابِدِ الْوَحْشِ، فَإِذَا غَلَبَكُمْ مِنْهَا شَيْءٌ فَاصْنَعُوا بِهِ هَكَذَا”».

Қазақша аудармасы

Рафиғ ибн Хадиж (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Расулалла! Біз ертең жаумен кездесеміз, бірақ жанымызда пышақтар жоқ”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Асық!” – немесе: “Шапшаң қимылда!” – деді де: “Қанды ағызатын нәрсемен бауыздалып, Алланың аты аталған малды же. Бірақ тіс пен тырнақпен бауыздалған малды жеме. Мұның себебін саған түсіндірейін: тіс – сүйек, ал тырнақ – хабаштардың пышағы”, – деді. Біз түйелер мен қойларды олжаға түсірдік. Солардың арасынан бір түйе қашып кетті. Бір адам оны жебемен атып тоқтатты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, бұл түйелердің арасында жабайы аңдардай асаулары болады. Олардың біреуі сендерге бой бермей кетсе, осылай істеңдер”, – деді» (1968/20).