Хадис

Сахих Мүслим, № 1249

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
36. Аңшылық және мал сою кітабыكِتَابُ الصَّيْدِ وَالذَّبَائِحِ
бап
9. Малды қинамай союды және пышақтың жүзін қайрауды бұйыру туралыبَابٌ: الْأَمْرُ بِإِحْسَانِ الذَّبْحِ وَحَدِّ الشَّفْرَةِ
Нөмірі
№ 1249 (Мухтасар реті)
1249
Мүслим, № 1249Риуаят етуші: Шәддад ибн Әус

عَنْ شَدَّادِ بْنِ أَوْسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ثِنْتَانِ حَفِظْتُهُمَا عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: “إِنَّ اللَّهَ كَتَبَ الْإِحْسَانَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ، فَإِذَا قَتَلْتُمْ فَأَحْسِنُوا الْقِتْلَةَ، وَإِذَا ذَبَحْتُمْ فَأَحْسِنُوا الذَّبْحَ، وَلْيُحِدَّ أَحَدُكُمْ شَفْرَتَهُ، وَلْيُرِحْ ذَبِيحَتَهُ”».

Қазақша аудармасы

Шаддад ибн Аус (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінен (с.а.с.) естіген екі нәрсені жадымда сақтадым. Ол (с.а.с.): “Расында, Алла әр істі жақсы атқаруды міндеттеді. Өлтірер болсаңдар, қинамай өлтіріңдер. Мал сояр болсаңдар, қинамай сойыңдар. Әркім пышағын өткірлеп, соятын малының азабын жеңілдетсін”, – деді» (1955/57).