Хадис

Сахих Мүслим, № 1251

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
37. Құрбандықтар кітабыكِتَابُ الْأَضَاحِي
бап
1. Зұлхижжаның алғашқы он күні басталғанда, сендердің бірің құрбандық шалғысы келсе, шашы мен тырнағын алмасынبَابٌ: إِذَا دَخَلَ الْعَشْرُ وَأَرَادَ أَحَدُكُمْ أَنْ يُضَحِّيَ فَلَا يَمَسَّ مِنْ شَعْرِهِ وَأَظْفَارِهِ
Нөмірі
№ 1251 (Мухтасар реті)
1251
Мүслим, № 1251Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ كَانَ لَهُ ذِبْحٌ يَذْبَحُهُ، فَإِذَا أُهِلَّ هِلَالُ ذِي الْحِجَّةِ، فَلَا يَأْخُذَنَّ مِنْ شَعْرِهِ وَلَا مِنْ أَظْفَارِهِ شَيْئًا حَتَّى يُضَحِّيَ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кімнің құрбандыққа шалатын малы болса, зұлхижжа айы кіргеннен бастап құрбандығын шалғанға дейін шашы мен тырнағынан ештеңе алмасын», – дегенін жеткізді (1977/42).