Хадис

Кутуб ситтә, № 5698

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
913. Некенің бұзылуына негіз болатын және болмайтын жағдайлар
Нөмірі
№ 5698 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5698
Кутуб ситтә, № 5698 · тараудағы реті: 2

وَعَنْهُ أَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَيُّمَا اِمْرَأَةٍ فَقَدَتْ زَوْجَهَا فَلَمْ تَدْرِ أَيْنَ هُوَ، فَإِنَّهَا تَنْتَظِرُ أَرْبَعَ سِنِينَ، ثُمَّ تَقْعُدُ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَعَشْرًا، ثُمَّ تَحِلُّ. أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн әл-Мусайяб жеткізеді: «Әзірет Омар (р.а.): “Күйеуі хабарсыз кетіп, қайда жүргенін білмеген әйел төрт жыл күтеді. Одан кейін тағы төрт ай он күн ғиддат күтеді. Содан соң өзге адамға тұрмысқа шығуына болады”, – деген».1

Түсіндірме

Бұл риуаят «Муаттада» «Күйеуі хабарсыз кеткен әйелдің ғиддаты» деген тарауда келтірілген. Әзірет Омардың (р.а.) пәтуасы бойынша, күйеуі жолаушылап кетіп, төрт жыл бойы хабар бермеген әйел ғиддат әдебін сақтап, тағы төрт ай он күн күтеді. Содан кейін қайта тұрмысқа шығуына болады.

Зурқани әзірет Осман мен әзірет Әлиден де (р.а.) осыған ұқсас пікір жеткенін айтады. Бұл мәселеде сахабалар арасында ижмағ болғаны, олардың дәуірінде қарсы пікір айтылғаны естілмегені де айтылады.

  1. 1Муатта, Талақ 52, (2, 575).