Хадис

Кутуб ситтә, № 5642

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
906. Неке әдебі
Нөмірі
№ 5642 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
5642
Кутуб ситтә, № 5642 · тараудағы реті: 7

وَعَنْ الْحَسَنِ قَالَ: تَزَوَّجَ عَقِيلُ بْنُ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ امْرَأَةً مِنْ بَنِي جُشَمٍ فَقَالُوا: بِالرَّفَاءِ وَالْبَنِينَ. فَقَالَ: قُولُوا كَمَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: بَارَكَ اللَّهُ فِيكُمْ وَبَارَكَ لَكُمْ. أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Хасан Басри айтады: «Ақил ибн Әбу Талиб (р.а.) Бәни Жушәм тайпасынан бір әйелге үйленді. Жұрт оны: “Тату болыңдар, ұлды болыңдар”, – деп құттықтады. Сонда ол: “Алла елшісі (с.а.с.) айтқандай: ‘Алла өздеріңе береке дарытсын әрі некелеріңді құтты етсін’, – деңдер”, – деді».1

  1. 1Нәсәи, «Неке», 73 (6/128).