Хадис

Кутуб ситтә, № 5641

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
906. Неке әдебі
Нөмірі
№ 5641 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
5641
Кутуб ситтә, № 5641 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا رَفَّأَ الْإِنْسَانَ إِذَا تَزَوَّجَ، قَالَ: بَارَكَ اللَّهُ لَكَ، وَبَارَكَ عَلَيْكَ، وَجَمَعَ بَيْنَكُمَا فِي خَيْرٍ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) үйленген адамға: “Алла саған осы некені құтты етсін, саған береке дарытсын және екеуіңді қайырлы істе біріктірсін”, – деп тілек айтатын».1

Түсіндірме

Бұл хадис жаңа үйленгендерге қалай тілек айтуды үйретеді. Жаһилият дәуірінде жас жұбайларға: «Тату болыңдар, ұлды болыңдар», – деп бата берген. Алла елшісі (с.а.с.) қыз баланы кем көретін осы сөздің орнына некенің құтты, берекелі болуын, екі жастың қайырлы істе бас қосуын тілеуді үйретті. Ислам құттықтау сөзінің өзіне де осылайша мән берген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Неке», 37 (2130); Тирмизи, «Неке», 7 (1091).