وَعَنْ زَيْدِ بْنِ أَسْلَمَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: إِذَا تَزَوَّجَ أَحَدُكُمُ الْمَرْأَةَ أَوِ اشْتَرَى الْجَارِيَةَ فَلْيَأْخُذْ بِنَاصِيَتِهَا وَلْيَدْعُ بِالْبَرَكَةِ، وَإِذَا اشْتَرَى الْبَعِيرَ فَلْيَأْخُذْ بِذِرْوَةِ سَنَامِهِ وَلْيَسْتَعِذْ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ. أَخْرَجَهُ مَالِكٌ فِي الْمُوَطَّإِ.
Қазақша аудармасы
Зәйд ибн Әсләм Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Араларыңнан біреу әйелге үйленсе немесе күң сатып алса, оның тұлымынан ұстап, береке тілесін. Түйе сатып алса, өркешінің төбесінен ұстап, шайтаннан Аллаға сыйынсын».1
- 1Мәлік, «әл-Муатта», «Неке», 52 (2/547).