وَعَنْ عَمْرِو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِذَا تَزَوَّجَ أَحَدُكُمُ امْرَأَةً أَوِ اشْتَرَى خَادِمًا فَلْيَقُلْ: اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَهَا وَخَيْرَ مَا جَبَلْتَهَا عَلَيْهِ؛ وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّهَا وَشَرِّ مَا جَبَلْتَهَا عَلَيْهِ؛ وَإِنِ اشْتَرَى بَعِيرًا فَلْيَأْخُذْ بِذِرْوَتِهِ، وَلْيَقُلْ مِثْلَ ذَلِكَ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Амр ибн Шуғайыб әкесі арқылы атасынан жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Араларыңнан біреу әйелге үйленсе немесе күң сатып алса, былай дұға етсін: ‘Уа, Алла! Сенен оның жақсылығын және бойына дарытқан жаратылыстың жақсылығын тілеймін. Оның жамандығынан және бойына дарытқан жаратылыстың жамандығынан Өзіңе сыйынамын’.
Ал түйе сатып алса, өркешінен ұстап тұрып, осы дұғаны айтсын”».1
- 1Әбу Дәуіт, «Неке», 46 (2160).