وَعَنْ مُحَمَّدِ بْنِ حَاطِبِ الْجُمَحِيِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: فَصْلُ مَا بَيْنَ الْحَلَالِ وَالْحَرَامِ الدُّفُّ وَالصَّوْتُ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.
Қазақша аудармасы
Мұхаммед ибн Хатыб әл-Жумахи айтады: «Алла елшісі (с.а.с.): “[Некеде] халалды харамнан айыратын нәрсе – даф пен дауыс”, – деді».1
Түсіндірме
Үш хадисте де некені жұртқа жария етудің маңызы көрінеді. Үшінші хадистегі даф пен дауыс – халал некенің жария белгісі. Некесіз жасырын қатынас зинаға жатады.
Алла елшісі (с.а.с.) екінші хадисте: «Ансарлар ойын-сауықты жақсы көреді», – деп, некеден кейін той жасауға үндейді.
- 1Тирмизи, «Неке», 6 (1088); Нәсәи, «Неке», 72 (6/127–128).