وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: تَزَوَّجَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي شَوَّالٍ وَدَخَلَ بِي فِي شَوَّالٍ، فَأَيُّ نِسَائِهِ كَانَ أَحْظَى عِنْدَهُ مِنِّي؟ وَكَانَتْ تَسْتَحِبُّ أَنْ تُدْخِلَ نِسَاءَهَا فِي شَوَّالٍ. أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.
Айша (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) менімен шәууәл айында некелесті, екеуміз неке түнін де шәууәлде өткіздік. Оның алдында әйелдерінің қайсысы менен артық қадірлі еді?»
Уруа айтады: «Айша (р.а.) өзіне жақын әйелдердің неке түнін шәууәл айында өткізгенін құп көретін».1
Түсіндірме
Айша (р.а.) жаһилият дәуірінен қалған бір ырымның негізсіз екенін көрсетеді. Хадис түсіндірушілерінің айтуынша, ол заманда арабтар шәууәл айында неке қиюды жаман ырымға балап, одан қашатын. Алла елшісі (с.а.с.) Айшамен сол айда некелесіп, неке түнін де сол айда өткізген. Бүгінде де «екі айттың арасында той жасауға болмайды» деген сөз кездеседі. Алла елшісі мен Айшаның ісі бұл ырымның негізсіз екенін көрсетеді.
- 1Мүслим, «Неке», 73 (1423); Тирмизи, «Неке», 9 (1093); Нәсәи, «Неке», 77 (6/130).