وَعَنْ عِكْرِمَةَ قَالَ: «إِنَّ نَفَرًا مِنْ أَهْلِ الْعِرَاقِ قَالُوا: يَا ابْنَ عَبَّاسٍ، كَيْفَ تَرَىٰ فِي هَذِهِ الْآيَةِ الَّتِي أُمِرْنَا فِيهَا بِمَا أُمِرْنَا وَلَا يَعْمَلُ بِهَا أَحَدٌ؟ قَوْلُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لِيَسْتَأْذِنْكُمُ الَّذِينَ مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ وَالَّذِينَ لَمْ يَبْلُغُوا الْحُلُمَ مِنْكُمْ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ مِنْ قَبْلِ صَلَاةِ الْفَجْرِ وَحِينَ تَضَعُونَ ثِيَابَكُمْ مِنَ الظَّهِيرَةِ وَمِنْ بَعْدِ صَلَاةِ الْعِشَاءِ، ثَلَاثُ عَوْرَاتٍ لَكُمْ، لَيْسَ عَلَيْكُمْ وَلَا عَلَيْهِمْ جُنَاحٌ بَعْدَهُنَّ، طَوَّافُونَ عَلَيْكُمْ بَعْضُكُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ، كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمُ الْآيَاتِ، وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ﴾. قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: إِنَّ اللَّهَ حَلِيمٌ رَحِيمٌ بِالْمُؤْمِنِينَ يُحِبُّ السَّتْرَ، وَكَانَ النَّاسُ لَيْسَ لِبُيُوتِهِمْ سُتُورٌ وَلَا حِجَالٌ، فَرُبَّمَا دَخَلَ الْخَادِمُ أَوِ الْوَلَدُ أَوْ يَتِيمَةُ الرَّجُلِ وَالرَّجُلُ عَلَىٰ أَهْلِهِ، فَأَمَرَهُمُ اللَّهُ بِالِاسْتِئْذَانِ فِي تِلْكَ الْعَوْرَاتِ، فَجَاءَهُمُ اللَّهُ بِالسُّتُورِ وَالْخَيْرِ، فَلَمْ أَرَ أَحَدًا يَعْمَلُ بِذَلِكَ بَعْدُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Икрима былай дейді: «Ирактан келген бір топ адам Ибн Аббастан (р.а.) сұрады:
– Уа, Ибн Аббас! Бізге нұсқау берілген, бірақ ешкім амал етпей жүрген мына аят туралы не айтасыз? “Уа, иман келтіргендер! Қол астыларыңдағы құлдарың мен қызметшілерің һәм араларыңдағы балиғатқа толмаған жас балалар мына үш мезгілде жеке бөлмелеріңе кіру үшін рұқсат сұрасын: таң намазының алдында, түскі уақытта тынығып алу үшін киімдеріңді шешкендеріңде және құптан намазынан кейін. Міне, осы үш мезгіл сендердің ұятты шақтарың. Ал бұдан өзге уақыттарда сендер үшін де, олар үшін де бір-біріңе рұқсатсыз кіріп-шығудың айыбы жоқ. Өйткені олар сендерді айналсоқтап жүреді және біріңе-бірің кіріп-шықпауларың мүмкін емес. Міне, Алла сендерге аяттарын осылайша баяндайды. Алла – бәрін білуші, асқан даналық иесі.”1
Ибн Аббас (р.а.) былай жауап берді: “Алла мүміндерге кеңшілік танытып, рақым етеді. Ол әуретті жабуды ұнатады. Ол заманда үйлерде шымылдық та, перде де болмайтын. Кейде ер адам әйелімен оңаша қалғанда, қызметшісі, баласы немесе қамқорлығындағы жетім қыз кіріп келетін. Алла сол үш мезгілде рұқсат сұрауды бұйырды. Содан соң оларға перде мен игілік нәсіп етті. Бірақ содан бері осы бұйрыққа амал еткен бірде-бір адамды көрмедім”».2
Түсіндірме
Бұл аят отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын реттеп, мұсылман үйінің ішкі құрылымына қатысты маңызды бағыт береді.
Ибн Аббастың сөзінен мұсылмандардың рұқсат сұрау аятының үкіміне әуелден жеткілікті көңіл бөлмегені аңғарылады.
Бәйхақи келтірген риуаятта Ибн Аббас (р.а.) бұл салғырттықты қатты сынаған: «Құранда жұрттың көбі сенбеген бір аят бар. Ол – рұқсат сұрау аяты...»
Ибн Әбу Хатим осыған мағыналас риуаят келтіреді. Ибн Аббас (р.а.): «Шайтан үш аятқа қатысты адамдарды жеңді. Жұрт сол аяттардың үкіміне амал етпейді», – деп қынжылып, жоғарыда аудармасы берілген рұқсат сұрау аяттарын оқыған.
«Жәлалайн» тәпсірінде былай делінеді: «Кейбір ғалымдар бұл аяттың үкімі жойылған десе, енді бірі үкімі күшінде деген. Адамдар оның үкіміне амал етпей, қадірін білмеді».
Аят отбасы мүшелеріне белгілі мезгілдерде бір-біріне рұқсат сұрап кіруді бұйырады. Бұдан автор үйдегі бөлме саны тұрғындарға сай болуы керек деген тұжырым жасайды. Оның пайымдауынша, бір ғана бөлмесі бар үй отбасы мүшелерінің оңашалығын қамтамасыз ете алмайды. Аятта айтылған үш мезгілде әркімнің жеке қалуына мүмкіндік беретін бірнеше бөлме керек.
(Баспана жайында № 205–212 хадистердің түсіндірмесін қараңыз.)