عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَثَلُ الْمُسْلِمِينَ وَالْيَهُودِ وَالنَّصَارَى كَمَثَلِ رَجُلٍ اسْتَأْجَرَ قَوْمًا يَعْمَلُونَ لَهُ عَمَلًا إِلَى اللَّيْلِ عَلَى أَجْرٍ مَعْلُومٍ. فَعَمِلُوا لَهُ إِلَى نِصْفِ النَّهَارِ. فَقَالُوا: لَا حَاجَةَ لَنَا إِلَى أَجْرِكَ الَّذِي شَرَطْتَ لَنَا، وَمَا عَمِلْنَا بَاطِلٌ. فَقَالَ لَهُمْ: لَا تَفْعَلُوا، أَكْمِلُوا بَقِيَّةَ عَمَلِكُمْ وَخُذُوا أَجْرَكُمْ كَامِلًا. فَأَبَوْا وَتَرَكُوا وَاسْتَأْجَرَ آخَرِينَ بَعْدَهُمْ، فَقَالَ: أَكْمِلُوا بَقِيَّةَ يَوْمِكُمْ هَذَا وَلَكُمُ الَّذِي شَرَطْتُ لَهُمْ مِنَ الْأَجْرِ. فَعَمِلُوا حَتَّى إِذَا كَانَ حِينَ صَلَاةِ الْعَصْرِ، قَالُوا: لَكَ مَا عَمِلْنَا بَاطِلٌ، وَلَكَ الْأَجْرُ الَّذِي جَعَلْتَ لَنَا فِيهِ. فَقَالَ لَهُمْ: أَكْمِلُوا بَقِيَّةَ عَمَلِكُمْ، فَإِنَّمَا بَقِيَ مِنَ النَّهَارِ شَيْءٌ يَسِيرٌ، فَأَبَوْا فَاسْتَأْجَرَ قَوْمًا يَعْمَلُونَ بَقِيَّةَ يَوْمِهِمْ فَعَمِلُوا بَقِيَّةَ يَوْمِهِمْ حَتَّى غَابَتِ الشَّمْسُ فَاسْتَكْمَلُوا أَجْرَ الْفَرِيقَيْنِ كِلَيْهِمَا. فَذَلِكَ مَثَلُهُمْ وَمَثَلُ مَا قَبِلُوا مِنَ هَذَا النُّورِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.
Әбу Мұса (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Мұсылмандардың, яһудилер мен христиандардың мысалы мынаған ұқсайды. Бір кісі жұмысшыларды белгілі ақыға кешке дейін жалдады. Олар түске дейін істеп: “Келіскен ақыңды алмаймыз, істеген еңбегімізді ақысыз қалдырамыз”, – деді. Кісі: “Олай етпеңдер, қалған жұмысты аяқтап, ақыларыңды толық алыңдар”, – деді. Олар көнбей кетіп қалды. Ол басқаларын жалдап: “Күннің қалған бөлігінде жұмыс істеңдер. Алдыңғыларға белгілеген ақыны сендерге беремін”, – деді. Олар екінтіге дейін істеді де: “Істеген еңбегіміз де, бізге белгілеген ақың да өзіңе қалсын”, – деді. Ол: “Қалған істі аяқтаңдар, күннің бітуіне аз-ақ қалды”, – дегенімен, бұлар да көнбеді. Содан соң қалған уақытқа үшінші топты жалдады. Олар күн батқанша істеп, алғашқы екі топқа белгіленген ақыны алды. Бұл – осы қауымдардың және олардың осы нұрдан алған үлесінің мысалы»1.
- 1Бұхари, «Ижара», №2271 және «Намаз уақыттары», 17-тарау.