Хадис

Кутуб ситтә, № 4519

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
675. Ислам үмбетінің артықшылығы
Нөмірі
№ 4519 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 14
4519
Кутуб ситтә, № 4519 · тараудағы реті: 14

وَعَنْ عَامِرِ بْنِ سَعْدٍ عَنْ أَبِيهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَسْجِدَ بَنِي مُعَاوِيَةَ فَرَكَعَ فِيهِ رَكْعَتَيْنِ وَصَلَّيْنَا مَعَهُ وَدَعَا رَبَّهُ طَوِيلًا، ثُمَّ انْصَرَفَ إِلَيْنَا. فَقَالَ: سَأَلْتُ رَبِّي ثَلَاثًا، فَأَعْطَانِي اثْنَيْنِ وَمَنَعَنِي وَاحِدَةً. سَأَلْتُهُ أَنْ لَا يُهْلِكَ أُمَّتِي بِسَنَةٍ عَامَةٍ فَأَعْطَانِيهَا. وَسَأَلْتُهُ أَنْ لَا يُهْلِكَ أُمَّتِي بِالْغَرَقِ فَأَعْطَانِيهَا وَسَأَلْتُهُ أَنْ لَا يَجْعَلَ بَأْسَهُمْ بَيْنَهُمْ فَمَنَعَنِيهَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Амир ибн Сағд әкесінен (р.а.) мына хабарды жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Бәни Мұғауия мешітіне кіріп, екі рәкат намаз оқыды. Біз де онымен бірге оқыдық. Сосын Раббысына ұзақ дұға жасап, бізге бұрылды да: “Раббымнан үш нәрсе сұрадым. Екеуін берді, біреуін бермеді. Үмбетімді жаппай жайлаған жұттан жоймауын сұрадым, тілегімді қабыл етті. Үмбетімді суға батырып жоймауын сұрадым, оны да қабыл етті. Бір-бірімен қырқыстырмауын сұрадым, бұл тілегімді қабыл етпеді”, – деді»1.

«السَّنَةُ»: الْجَدْبُ وَالْقَحْطُ.

  1. 1Мүслим, Фитән 20, (2890).