وَعَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَزَالُ أَهْلُ الْغَرْبِ ظَاهِرِينَ عَلَى الْحَقِّ حَتَّى تَقُومَ السَّاعَةُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.
Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Ғарб жұрты Қияметке дейін ақиқат жолында үстем болады»1.
Түсіндірме
«Ғарб жұрты» дегеннің кімге қатысты екені жөнінде бірнеше пікір бар. Әли ибн әл-Мәдини «ғарб» сөзін арабтар қолданған үлкен шелекке қатысты түсініп, арабтар меңзелген деген. Мұғаз мұны Шам жұрты деп ұққан. Қади «қайратты, қайсар жұрт» деп түсіндірген пікірді де келтіреді. Басқалары сөзді «батыс» мағынасында алып, Шам мен Бәйтул-Мақдисті немесе одан әрі батысқа қарай тұратын жұртты атаған.
- 1Мүслим, Имарат 177, (1925).