Хадис

Кутуб ситтә, № 4375

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
623. Бірнеше сахабаға ортақ артықшылықтар
Нөмірі
№ 4375 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
4375
Кутуб ситтә, № 4375 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Амр ибн әл-Ас

وَعَنْ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «سَأَلْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَيُّ النَّاسِ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: عَائِشَةُ. قُلْتُ: وَمِنَ الرِّجَالِ؟ قَالَ: أَبُوهَا. قُلْتُ: ثُمَّ مَنْ؟ قَالَ: عُمَرُ، فَعَدَّ رِجَالًا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінен (с.а.с.):

– Сізге адамдардың ең сүйіктісі кім? – деп сұрадым. Ол: “Айша”, – деді.

– Ер кісілерден ше? – дедім.

– Оның әкесі, – деді.

– Одан кейін кім? – дедім.

– Омар, – деді де, тағы бірнеше кісінің есімін атады»1.

Түсіндірме

1. №4303 хадисте айтылғандай, Алла Елшісі (с.а.с.) Амр ибн әл-Асты (р.а.) Зат әс-Сәласил жорығына шыққан жасаққа қолбасшы етіп тағайындаған. Әбу Бәкір мен Омар секілді беделді сахабалар өзіне бағынышты болған соң, Амр Пайғамбардың өзіне айрықша ықыласы бар деп ойлайды. Жорықтан қайтқан кезде одан ең сүйікті кісісінің кім екенін сұрайды. Алғашқы аталғандардың ішінде өз есімі болмаған соң, одан кейінгі кезекті сұрамаған.

  1. 1Бұхари, «Мағази», 63-тарау, «Фадаил әл-асхаб», №3662. Мүслим, «Фадаил әс-сахаба», №2384. Тирмизи, «Мәнәқиб», №3885.