Хадис

Кутуб ситтә, № 4376

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
623. Бірнеше сахабаға ортақ артықшылықтар
Нөмірі
№ 4376 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
4376
Кутуб ситтә, № 4376 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

وَعَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ جَالِسًا عِنْدَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذْ جَاءَ عَلِيٌّ وَالْعَبَّاسُ يَسْتَأْذِنَانِ. فَقَالَ: أَتَدْرِي مَا جَاءَ بِهِمَا؟ قُلْتُ: لَا أَدْرِي. قَالَ: لَكِنِّي أَدْرِي، ائْذَنْ لَهُمَا، فَدَخَلَا فَقَالَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ جِئْنَا نَسْأَلُكَ، أَيُّ أَهْلِكَ أَحَبُّ إِلَيْكَ؟ قَالَ: فَاطِمَةُ بِنْتُ مَحَمَّدٍ. قَالَا: مَا جِئْنَاكَ نَسْأَلُكَ عَنْ أَهْلِكَ. قَالَ: أَحَبُّ أَهْلِي إِلَيَّ مَنْ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِ وَأَنْعَمْتُ عَلَيْهِ، يَعْنِي أُسَامَةَ بْنَ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا. قَالَ: ثُمَّ مَنْ؟ قَالَ: ثُمَّ عَلِيٌّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ. فَقَالَ الْعَبَّاسُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ! جَعَلْتَ عَمَّكَ آخِرَهُمْ. فَقَالَ: إِنَّ عَلِيًّا سَبَقَكَ بِالْهِجْرَةِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) қасында отыр едім. Әли мен Аббас (р.а.) келіп, ішке кіруге рұқсат сұрады. Алла Елшісі:

– Олардың не үшін келгенін білесің бе? – деп сұрады.

– Жоқ, білмеймін, – дедім.

– Ал мен білемін. Оларға рұқсат бер, – деді. Олар ішке кіріп:

– Уа, Алланың Елшісі! Үй ішіңізде ең жақсы көретін адамыңыз кім, соны сұрауға келдік, – деді. Ол: “Мұхаммедтің қызы Фатима”, – деп жауап берді. Олар: “Біз өз отбасыңыз жайында сұрағалы келген жоқпыз”, – деді.

– Маған жақын жандардың ішіндегі ең сүйіктісі – Алла нығметіне бөлеген, өзім де жақсылық жасаған адам, – деп, Усама ибн Зәйдті меңзеді.

– Одан кейін кім? – деп сұрады.

– Әли ибн Әбу Талиб, – деді. Сонда көкесі Аббас:

– Уа, Алланың Елшісі! Көкеңізді ең соңына қалдырдыңыз ғой, – деді. Алла Елшісі:

– Әли һижретте сенен бұрын көшті, – деп жауап берді»1.

Түсіндірме

1. Алла Елшісі (с.а.с.) азат етіп, асырап алған кісі Усаманың әкесі Зәйд (р.а.) еді. Ғалымдар әкесі бөленген жақсылықтың ұлына да игілік әкелгенін айтқан. Құранда Зәйд туралы «Алла нығметіне бөлеген, өзің де жақсылық жасаған адамға “Әйеліңнен ажырама, Алладан қорық!” деген едің» делінген («Ахзаб», 37-аят).

2. Ғалымдар бұл хадисті сүйіспеншіліктің дәрежесін айқындауда туыстықпен бірге адамның ізгілігі де ескерілетініне дәлел еткен.

  1. 1Тирмизи, «Мәнәқиб», №3819.