وَعَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَصْبَحَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَدَعَا بِلَالًا فَقَالَ: يَا بِلَالُ بِمَ سَبَقْتَنِي إِلَى الْجَنَّةِ؟ فَمَا دَخَلْتُ الْجَنَّةَ قَطُّ إِلَّا سَمِعْتُ خَشْخَشَتَكَ أَمَامِي. دَخَلْتُ الْبَارِحَةَ الْجَنَّةَ فَسَمِعْتُ خَشْخَشَتَكَ أَمَامِي، فَأَتَيْتُ عَلَى قَصْرٍ مُرَبَّعٍ مُشَرَّفٍ مِنْ ذَهَبٍ. فَقُلْتُ: لِمَنْ هَذَا الْقَصْرُ؟ فَقَالُوا: لِرَجُلٍ مِنَ الْعَرَبِ؛ فَقُلْتُ: أَنَا عَرَبِيٌّ، لِمَنْ هَذَا الْقَصْرُ؟ قَالُوا: لِرَجُلٍ مِنْ قُرَيْشٍ فَقُلْتُ: أَنَا مِنْ قُرَيْشٍ، لِمَنْ هَذَا الْقَصْرُ؟ قَالُوا: لِرَجُلٍ مِنْ أُمَّةِ مُحَمَّدٍ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقُلْتُ: أَنَا مُحَمَّدٌ، لِمَنْ هَذَا الْقَصْرُ؟ قَالُوا: لِعُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ! مَا أَذَّنْتُ قَطُّ إِلَّا وَصَلَّيْتُ رَكْعَتَيْنِ، وَمَا أُحْدَثْتُ قَطُّ إِلَّا تَوَضَّأْتُ عِنْدَهُ، وَرَأَيْتُ أَنَّ لِلَّهِ عَلَيَّ رَكْعَتَيْنِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: بِهِمَا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.
Бурәйда (р.а.) былай деген: «Бір күні таңертең Алла Елшісі (с.а.с.) Биләлді шақырып: “Уа, Биләл! Қай амалыңның арқасында жәннатқа менен бұрын бардың? Жәннатқа кірген сайын алдыңғы жағымнан қадамыңның дыбысын естимін. Өткен түні де кіріп, алдыңғы жағымнан қадамыңның дыбысын естідім. Содан соң төртбұрышты, биік алтын сарайға кезіктім.
– Бұл сарай кімдікі? – деп сұрадым.
– Бір арабтікі, – деді.
– Мен де арабпын. Бұл сарай кімдікі? – дедім.
– Құрайыштан бір кісінікі, – деді.
– Мен де Құрайыштанмын. Бұл сарай кімдікі? – дедім.
– Мұхаммед үмбетінен бір кісінікі, – деді.
– Мұхаммед менмін. Бұл сарай кімдікі? – дедім.
– Омар ибн әл-Хаттабтікі, – деді”. Сонда Биләл:
– Уа, Алланың Елшісі! Әр азан айтқаннан кейін екі рәкат намаз оқитынмын. Дәретім бұзылса, дереу жаңартып, Алла үшін екі рәкат оқуды өзіме міндет көретінмін, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Осы екі амалыңның арқасында”, – деп жауап берді»1.
Түсіндірме
1. Хадисте Биләлдің (р.а.) жәннатпен сүйіншіленуіне себеп болған екі амал аталады.
1) Азан мен қамат арасында екі рәкат намаз оқу. Кейбір ғалымдар ақшам намазын бұған қоспаған, өйткені ол кезде азаннан кейін дереу қамат айтылады деген. Алайда ақшам уақыты кірген соң екі рәкат нәпіл намаз оқылғаны жөнінде де риуаяттар бар. Кейін қалыптасқан тәжірибеге сүйеніп, хадистің жалпы мағынасын төрт уақыт намазбен шектеу орынды емес.
2) Дәрет бұзылған соң оны дереу жаңартып, екі рәкат нәпіл намаз оқу. Кейбір ғалымдар мұны намаз оқу мәкруһ уақыттардан тыс мезгілге қатысты деген. Олар бұл екі рәкатты Алланың жәрдемімен тазарғаны үшін оқылатын шүкір намазы деп түсіндірген.
2. Ғалымдар пайғамбарлардың түсін ақиқат деп танып, аты аталған кісілердің жәннатпен сүйіншіленгенін айтқан.
- 1Тирмизи, «Мәнәқиб», №3689.