Хадис

Кутуб ситтә, № 502

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 502 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 62
502
Кутуб ситтә, № 502 · тараудағы реті: 62Риуаят етуші: Әбу Әйюб

عَنْ أَبِي أَيُّوبَ الْأَنْصَارِيِّ أَنَّهُ كَانَتْ لَهُ سَهْوَةٌ فِيهَا تَمْرٌ، فَكَانَتْ تَجِيءُ الْغُولُ فَتَأْخُذُ مِنْهُ. قَالَ: فَشَكَا ذَلِكَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «فَاذْهَبْ، فَإِذَا رَأَيْتَهَا فَقُلْ: بِسْمِ اللَّهِ، أَجِيبِي رَسُولَ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: فَأَخَذَهَا، فَحَلَفَتْ أَنْ لَا تَعُودَ، فَأَرْسَلَهَا. فَجَاءَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ؟» قَالَ: حَلَفَتْ أَنْ لَا تَعُودَ. فَقَالَ: «كَذَبَتْ، وَهِيَ مُعَاوِدَةٌ لِلْكَذِبِ». قَالَ: فَأَخَذَهَا مَرَّةً أُخْرَى، فَحَلَفَتْ أَنْ لَا تَعُودَ، فَأَرْسَلَهَا. فَجَاءَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ؟» قَالَ: حَلَفَتْ أَنْ لَا تَعُودَ. فَقَالَ: «كَذَبَتْ، وَهِيَ مُعَاوِدَةٌ لِلْكَذِبِ». فَأَخَذَهَا، فَقَالَ: «مَا أَنَا بِتَارِكِكِ حَتَّى أَذْهَبَ بِكِ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ». فَقَالَتْ: «إِنِّي ذَاكِرَةٌ لَكَ شَيْئًا: آيَةَ الْكُرْسِيِّ، اقْرَأْهَا فِي بَيْتِكَ، فَلَا يَقْرَبُكَ شَيْطَانٌ وَلَا غَيْرُهُ». قَالَ: فَجَاءَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: «مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ؟» قَالَ: فَأَخْبَرَهُ بِمَا قَالَتْ. قَالَ: «صَدَقَتْ وَهِيَ كَذُوبٌ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) былай дейді: «Құрма сақтайтын шағын бөлмем бар еді. Сол жерге бір жын келіп, құрмадан алып жүрді. Мұны Расулаллаға (с.а.с.) айттым. Ол: “Бара ғой. Оны көрсең, ‘Алланың атымен, Алла елшісінің шақыруына жауап бер!’ де”, – деді. Жын тағы келгенде, ұстап алдым. Қайтып келмеуге ант берген соң, босатып жібердім. Расулаллаға (с.а.с.) барғанымда, ол:

– Тұтқыныңды не істедің? – деп сұрады.

– “Енді қайтып келмеймін” деп ант берген соң, босатып жібердім, – дедім. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Ол өтірік айтты, өтірік айтуға әбден үйренген, – деді.

Әлгі жын тағы келді. Оны ұстап алғанымда, қайтып келмеуге тағы да ант берді. Мен тағы босатып жібердім.

Расулаллаға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) барғанымда, ол:

– Тұтқыныңды не істедің? – деп сұрады.

– “Қайтып келмеймін” деп ант берген соң, босатып жібердім, – дедім. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Ол өтірік айтты, өтірік айтуға әбден үйренген, – деді. Үшінші рет ұстап алғанда:

– Сені Расулаллаға (с.а.с.) апармайынша босатпаймын, – дедім. Жын:

– Саған бір нәрсе айтайын. Үйіңде Аятул-Күрсиді оқы. Сонда саған шайтан да, басқа еш нәрсе де жоламайды, – деді. Содан кейін Алла елшісіне (с.а.с.) келдім. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Тұтқыныңды не істедің? – деп сұрады. Жынның айтқанын жеткіздім. Ол:

– Өзі өтірікші болса да, бұл жолы рас айтты, – деді»1.

«السَّهْوَةُ»: بَيْتٌ صَغِيرٌ مُنْحَدِرٌ فِي الْأَرْضِ، شِبْهُ الْمِخْدَعِ وَالْخِزَانَةِ.

«Сәһуа» – жерге ойыстырып жасалған, ішкі бөлмеге не қоймаға ұқсайтын шағын орын.

  1. 1Тирмизи, Сауабул-Құран: 3 (№2880, Ибраһим Жанан пайдаланған нөмірлеуде №2883).