Хадис

Кутуб ситтә, № 501

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 501 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 61
501
Кутуб ситтә, № 501 · тараудағы реті: 61Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: وَكَّلَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِحِفْظِ زَكَاةِ رَمَضَانَ، فَأَتَانِي آتٍ فَجَعَلَ يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ فَأَخَذْتُهُ، وَقُلْتُ: وَاللَّهِ لَأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: إِنِّي مُحْتَاجٌ، وَعَلَيَّ عِيَالٌ وَلِي حَاجَةٌ شَدِيدَةٌ، قَالَ: فَخَلَّيْتُ عَنْهُ، فَأَصْبَحْتُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟»، قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، شَكَا حَاجَةً شَدِيدَةً، وَعِيَالًا، فَرَحِمْتُهُ، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، قَالَ: «أَمَا إِنَّهُ قَدْ كَذَبَكَ، وَسَيَعُودُ»، فَعَرَفْتُ أَنَّهُ سَيَعُودُ، لِقَوْلِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِنَّهُ سَيَعُودُ، فَرَصَدْتُهُ، فَجَاءَ يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ، فَأَخَذْتُهُ، فَقُلْتُ: لَأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: دَعْنِي فَإِنِّي مُحْتَاجٌ وَعَلَيَّ عِيَالٌ، لَا أَعُودُ، فَرَحِمْتُهُ، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، فَأَصْبَحْتُ، فَقَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ؟»، قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ شَكَا حَاجَةً شَدِيدَةً، وَعِيَالًا، فَرَحِمْتُهُ، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، قَالَ: «أَمَا إِنَّهُ قَدْ كَذَبَكَ وَسَيَعُودُ»، فَرَصَدْتُهُ الثَّالِثَةَ، فَجَاءَ يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ، فَأَخَذْتُهُ، فَقُلْتُ: لَأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ، وَهَذَا آخِرُ ثَلَاثِ مَرَّاتٍ، أَنَّكَ تَزْعُمُ لَا تَعُودُ، ثُمَّ تَعُودُ. قَالَ: دَعْنِي أُعَلِّمْكَ كَلِمَاتٍ يَنْفَعُكَ اللَّهُ بِهَا، قُلْتُ: مَا هُوَ؟ قَالَ: إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ، فَاقْرَأْ آيَةَ الْكُرْسِيِّ: {اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ} حَتَّى تَخْتِمَ الْآيَةَ، فَإِنَّكَ لَنْ يَزَالَ عَلَيْكَ مِنَ اللَّهِ حَافِظٌ، وَلَا يَقْرَبَنَّكَ شَيْطَانٌ حَتَّى تُصْبِحَ، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، فَأَصْبَحْتُ فَقَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟»، قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، زَعَمَ أَنَّهُ يُعَلِّمُنِي كَلِمَاتٍ يَنْفَعُنِي اللَّهُ بِهَا، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ، قَالَ: «مَا هِيَ؟»، قُلْتُ: قَالَ لِي: إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَاقْرَأْ آيَةَ الْكُرْسِيِّ مِنْ أَوَّلِهَا حَتَّى تَخْتِمَ الْآيَةَ: {اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ} وَقَالَ لِي: لَنْ يَزَالَ عَلَيْكَ مِنَ اللَّهِ حَافِظٌ، وَلَا يَقْرَبَكَ شَيْطَانٌ حَتَّى تُصْبِحَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَمَا إِنَّهُ قَدْ صَدَقَكَ وَهُوَ كَذُوبٌ. تَعْلَمُ مَنْ تُخَاطِبُ مُنْذُ ثَلَاثِ لَيَالٍ يَا أَبَا هُرَيْرَةَ؟»، قَالَ: لَا، قَالَ: «ذَاكَ شَيْطَانٌ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған Рамазан зекетін күзетуді тапсырды. Біреу келіп, азықты уыстап ала бастады. Оны ұстап алып: “Аллаға ант етемін, сені Расулаллаға (с.а.с.) апарамын”, – дедім. Ол: “Мұқтаж адаммын. Асырауымда бала-шағам бар, қатты қиналып жүрмін”, – деді. Содан соң оны босатып жібердім.

Таңертең Алла елшісі (с.а.с.):

– Уа, Әбу Һурайра, кешегі тұтқыныңды не істедің? – деп сұрады. Мен:

– Уа, Алланың елшісі, ол қатты мұқтаж екенін, асырауында бала-шағасы барын айтып шағынды. Жаным ашып, босатып жібердім, – дедім. Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Ол саған өтірік айтты, әлі қайтып келеді, – деді. Алла елшісінің сөзінен оның қайта келетінін біліп, аңдып отырдым. Ол тағы келіп, азықты уыстай бастағанда, ұстап алдым да: “Сені міндетті түрде Расулаллаға (с.а.с.) апарамын”, – дедім. Ол: “Мені қоя берші, мұқтаж адаммын, бала-шағам бар. Енді қайтып келмеймін”, – деді. Жаным ашып, тағы босатып жібердім. Ертесіне Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Уа, Әбу Һурайра, тұтқыныңды не істедің? – деп сұрады.

– Уа, Алланың елшісі, ол қатты мұқтаж екенін, асырауында бала-шағасы барын айтып шағынды. Жаным ашып, босатып жібердім, – дедім. Расулалла:

– Ол саған өтірік айтты, тағы да қайтып келеді, – деді.

Үшінші рет аңдып отырдым. Ол тағы да азықты уыстап ала бергенде, ұстап алдым да: “Енді сені Алла елшісіне (с.а.с.) апарамын. Міне, осымен үшінші рет келдің. ‘Енді қайтып келмеймін’ дейсің де, қайта келесің”, – дедім. Ол: “Мені босатшы, Алла пайдасын тигізетін бірнеше сөз үйретейін”, – деді.

– Ол қандай сөздер? – деп сұрадым. Ол: “Төсегіңе жатқанда ‘Алла – Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай, Қаййум’ деп басталатын Аятул-Күрсиді соңына дейін оқы. Сонда Алладан саған ұдайы бір қорғаушы болады әрі таң атқанша шайтан саған жоламайды”, – деді. Содан кейін оны босатып жібердім.

Таңертең Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Кешегі тұтқыныңды не істедің? – деп сұрады.

– Уа, Алланың елшісі, ол: “Алла саған пайдасын тигізетін бірнеше сөз үйретейін”, – деген соң, оны босатып жібердім, – дедім. Ардақты Пайғамбар (с.а.с.):

– Олар қандай сөздер? – деп сұрады.

– Оның айтқаны мынау: “Төсегіңе жатқанда ‘Алла – Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай, Қаййум’ деп басталатын Аятул-Күрсиді басынан аяғына дейін оқы. Сонда Алладан саған ұдайы бір қорғаушы болады әрі таң атқанша шайтан саған жоламайды”, – деп жауап бердім.

Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Өзі суайт болса да, бұл жолы саған рас айтты. Уа, Әбу Һурайра, үш түн бойы кіммен сөйлескеніңді білесің бе? – деді.

– Жоқ, – дедім.

– Ол шайтан еді, – деді».1

Түсіндірме

Аяттар мен сүрелердің бір-бірінен артықшылығы бар ма деген мәселеде ғалымдардың пікірі әртүрлі. Бұл хадисте сондай артықшылық ашық айтылады. Аяттар мен сүрелердің бәрі иләһи уахи, Алланың сөзі ретінде бірдей қастерлі. Ал қамтыған мағыналары мен оқығанға берілетін сауабы жағынан кейбірінің мәртебесі жоғары болуы мүмкін. Расулалла (с.а.с.) айтқан артықшылықты осы тұрғыдан түсінген жөн.

Осы оқиғаға ұқсас өзге риуаяттар да бар. Соның бірі төменде берілді.

  1. 1Бұхари, Уәкалә: 10 (№2311).