Хадис

Кутуб ситтә, № 500

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 500 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 60
500
Кутуб ситтә, № 500 · тараудағы реті: 60Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб

وَعَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يَا أَبَا الْمُنْذِرِ، أَتَدْرِي أَيُّ آيَةٍ مِنْ كِتَابِ اللَّهِ مَعَكَ أَعْظَمُ؟ قُلْتُ: ﴿اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ﴾. فَضَرَبَ فِي صَدْرِي، وَقَالَ: لِيَهْنِكَ الْعِلْمُ أَبَا الْمُنْذِرِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Убәй ибн Кәғб (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) менен: “Уа, Әбу әл-Мунзир, Алланың кітабынан жаттаған аяттарыңның қайсысы ең ұлы екенін білесің бе?” – деп сұрады. Мен: “Алла – Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай, Қаййум” деп басталатын Аятул-Күрси деп жауап бердім. Сонда ол кеудемнен қағып: “Уа, Әбу әл-Мунзир, ілімің құтты болсын!” – деді»1.

  1. 1Мүслим, Мусафирин: 258 (№810); Әбу Дәуіт, Уитр: 17 (№1460).