Хадис

Кутуб ситтә, № 480

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 480 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 40
480
Кутуб ситтә, № 480 · тараудағы реті: 40Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «لَمَّا نَزَلَ قَوْلُهُ تَعَالَى: “وَلَا تَقْرَبُوا مَالَ الْيَتِيمِ إِلَّا بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ”، وَقَوْلُهُ تَعَالَى: “إِنَّ الَّذِينَ يَأْكُلُونَ أَمْوَالَ الْيَتَامَى ظُلْمًا إِنَّمَا يَأْكُلُونَ فِي بُطُونِهِمْ نَارًا وَسَيَصْلَوْنَ سَعِيرًا”، انْطَلَقَ مَنْ كَانَ عِنْدَهُ يَتِيمٌ فَعَزَلَ طَعَامَهُ مِنْ طَعَامِهِ وَشَرَابَهُ مِنْ شَرَابِهِ، فَإِذَا فَضَلَ مِنْ طَعَامِ الْيَتِيمِ وَشَرَابِهِ شَيْءٌ حُبِسَ لَهُ حَتَّى يَأْكُلَهُ أَوْ يَفْسُدَ. فَاشْتَدَّ ذَلِكَ عَلَيْهِمْ فَذَكَرُوا ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: “وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْيَتَامَى قُلْ إِصْلَاحٌ لَهُمْ خَيْرٌ وَإِنْ تُخَالِطُوهُمْ فَإِخْوَانُكُمْ”، فَخَلَطُوا طَعَامَهُمْ بِطَعَامِهِمْ وَشَرَابَهُمْ بِشَرَابِهِمْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла тағаланың “Жетімнің дүние-мүлкіне оның игілігі үшін ғана қол тигізіңдер” және “Жетімдердің мал-мүлкін жеп, оларға қиянат жасайтындар, расында, қарындарын тек отқа толтыруда. Олар лаулаған отқа түседі”1 деген аяттары түскенде, қамқорлығында жетімі бар кісілер олардың тамағы мен сусынын өздерінікінен бөліп қойды. Жетімнің тамағынан не сусынынан бірдеңе артса, оған қол тигізбей, өзі ішіп-жегенше немесе бұзылып кеткенше сақтайтын. Бұл жұртқа ауыр тиді. Олар жағдайды Алла елшісіне (с.а.с.) жеткізгенде, Алла тағала мына аятты түсірді: “Олар сенен жетімдер жайлы сұрайды. Айт: ‘Олардың жағдайын түзеу – қайырлы іс. Егер олармен бірге тұрсаңдар, олар – бауырларың’”2. Осы аяттан кейін жетімдердің тамағы мен сусынын өздерінің ішіп-жеміне қосып, бірге ішіп-жейтін болды»3. Жетімдер туралы кеңірек түсіндірме бұған дейін берілген.

  1. 1Алғашқы үзінді «Әнғам» сүресінің 152-аятында және «Исра» сүресінің 34-аятында кездеседі. Екінші үзінді – «Ниса» сүресінің 10-аятынан.
  2. 2«Бақара» сүресі, 220-аят.
  3. 3Әбу Дәуіт, «Өсиеттер», 7-тарау (2871). Нәсәи, «Өсиеттер», 11-тарау (6-том, 256–257-беттер).