وَعَنِ ابْنِ الْمُسَيَّبِ قَالَ: «أَقْبَلَ صُهَيْبٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مُهَاجِرًا مِنْ مَكَّةَ، فَاتَّبَعَهُ رِجَالٌ مِنْ قُرَيْشٍ، فَنَزَلَ عَنْ رَاحِلَتِهِ وَانْتَثَلَ مَا فِي كِنَانَتِهِ وَقَالَ: “وَاللَّهِ لَا تَصِلُونَ إِلَيَّ حَتَّى أَرْمِيَ بِكُلِّ سَهْمٍ مَعِي، ثُمَّ أَضْرِبَ بِسَيْفِي مَا بَقِيَ فِي يَدِي، وَإِنْ شِئْتُمْ دَلَلْتُكُمْ عَلَى مَالٍ دَفَنْتُهُ بِمَكَّةَ وَخَلَّيْتُمْ سَبِيلِي”، فَفَعَلُوا، فَلَمَّا قَدِمَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ نَزَلَتْ: “وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَشْرِي نَفْسَهُ ابْتِغَاءَ مَرْضَاتِ اللَّهِ” الْآيَةُ. فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “رَبِحَ الْبَيْعُ أَبَا يَحْيَى”، وَتَلَا عَلَيْهِ الْآيَةَ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.
Ибн Мусайяб былай дейді: «Суһайб (р.а.) һижрет етіп, Меккеден жолға шықты. Құрайыштан бірнеше адам оның соңына түсті. Сонда ол түйесінен түсіп, қорамсағындағы жебелердің бәрін суырып алды да: “Аллаға ант етемін, жебелерімнің бәрін атып болмайынша, маған жете алмайсыңдар. Содан кейін қылышым қолымда тұрғанша, оны да сермеймін. Қаласаңдар, Меккеде көміп кеткен мүлкімнің орнын айтайын, есесіне мені жолыма жіберіңдер”, – деді. Қуғыншылар келісіп, Суһайб сапарын аман-есен жалғастырды. Ол Алла елшісіне (с.а.с.) жеткенде, “Сондай-ақ адамдар арасында Алланың разылығына бөлену үшін жанын пида ететіндер де бар”1 деген аят түсті. Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Әбу Яхия, саудаң олжалы болды!” – деп, оған аятты оқып берді».2