عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «أَنَّ امْرَأَةً مِنَ الْأَنْصَارِ سَأَلَتِ النَّبِيَّ ﷺ عَنْ غُسْلِهَا مِنَ الْمَحِيضِ: فَأَمَرَهَا كَيْفَ تَغْتَسِلُ، ثُمَّ قَالَ: خُذِي فِرْصَةً مِنْ مِسْكٍ فَتَطَهَّرِي بِهَا. قَالَتْ: كَيْفَ أَتَطَهَّرُ بِهَا؟ قَالَ: تَطَهَّرِي بِهَا. قَالَتْ: كَيْفَ؟ قَالَ: سُبْحَانَ اللَّهِ! تَطَهَّرِي. فَاجْتَذَبْتُهَا إِلَيَّ. فَقُلْتُ: تَتَبَّعِي بِهَا أَثَرَ الدَّمِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.
Айша (р.а.) былай дейді: «Ансарлардан бір әйел Пайғамбардан (с.а.с.) етеккірден кейін қалай ғұсыл алу керегін сұрады. Ол ғұсылдың жолын үйретіп: “Мүск сіңген бір үзім мақта алып, сонымен тазалан”, – деді. Әйел: “Онымен қалай тазаланамын?” – деп сұрады. Пайғамбар: “Сонымен тазалан”, – деді. Әйел тағы да: “Қалай?” – деді. Сонда ол: “Субханалла! Тазалан”, – деді. Мен әйелді өзіме тартып: “Соны қанның ізі қалған жерге жүргіз”, – дедім».1
- 1Бұхари, «Хайыз» (314–315), «Иғтисам», 24. Мүслим, «Хайыз» (332). Әбу Дәуіт, «Таһарат» (314–316). Нәсәи, «Таһарат», 159 (1/135–137).