Хадис

Етеккірден кейін ғұсыл алу

Кутуб ситтә, 8-том, 507-тарау · 4 хадис · № 3790–3793

Хадистер

3790
Кутуб ситтә, № 3790 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «أَنَّ امْرَأَةً مِنَ الْأَنْصَارِ سَأَلَتِ النَّبِيَّ ﷺ عَنْ غُسْلِهَا مِنَ الْمَحِيضِ: فَأَمَرَهَا كَيْفَ تَغْتَسِلُ، ثُمَّ قَالَ: خُذِي فِرْصَةً مِنْ مِسْكٍ فَتَطَهَّرِي بِهَا. قَالَتْ: كَيْفَ أَتَطَهَّرُ بِهَا؟ قَالَ: تَطَهَّرِي بِهَا. قَالَتْ: كَيْفَ؟ قَالَ: سُبْحَانَ اللَّهِ! تَطَهَّرِي. فَاجْتَذَبْتُهَا إِلَيَّ. فَقُلْتُ: تَتَبَّعِي بِهَا أَثَرَ الدَّمِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Ансарлардан бір әйел Пайғамбардан (с.а.с.) етеккірден кейін қалай ғұсыл алу керегін сұрады. Ол ғұсылдың жолын үйретіп: “Мүск сіңген бір үзім мақта алып, сонымен тазалан”, – деді. Әйел: “Онымен қалай тазаланамын?” – деп сұрады. Пайғамбар: “Сонымен тазалан”, – деді. Әйел тағы да: “Қалай?” – деді. Сонда ол: “Субханалла! Тазалан”, – деді. Мен әйелді өзіме тартып: “Соны қанның ізі қалған жерге жүргіз”, – дедім».1

  1. 1Бұхари, «Хайыз» (314–315), «Иғтисам», 24. Мүслим, «Хайыз» (332). Әбу Дәуіт, «Таһарат» (314–316). Нәсәи, «Таһарат», 159 (1/135–137).
3791
Кутуб ситтә, № 3791 · тараудағы реті: 2

وَفِي أُخْرَى: «خُذِي فِرْصَةً مُمَسِّكَةً فَتَوَضَّئِي ثَلَاثًا ثُمَّ إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ اسْتَحْيَا وَأَعْرَضَ بِوَجْهِهِ». وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Өзге риуаятта: «“Мүск сіңген бір үзім мақта ал да, сонымен үш рет тазалан”, – деді. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) ұялып, жүзін бұрды», – делінеді.1

  1. 1Бұхари мен Мүслимдегі нұсқа. Бұхари, «Хайыз» (315). Мүслим, «Хайыз» (332).
3792
Кутуб ситтә, № 3792 · тараудағы реті: 3

وَلِمُسْلِمٍ فِي أُخْرَى: «أَنَّ أَسْمَاءَ، وَهِيَ بِنْتُ شَكَلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: سَأَلَتِ النَّبِيَّ ﷺ عَنْ غُسْلِ الْمَحِيضِ. فَقَالَ: تَأْخُذُ إِحْدَاكُنَّ مَاءَهَا وَسِدْرَهَا فَتَطَهَّرُ فَتُحْسِنُ الطُّهُورَ فَتَصُبُّ عَلَىٰ رَأْسِهَا فَتَدْلُكُهُ دَلْكًا شَدِيدًا حَتَّىٰ تَبْلُغَ شُؤُونَ رَأْسِهَا. ثُمَّ تَصُبُّ عَلَيْهَا الْمَاءَ. ثُمَّ تَأْخُذُ فِرْصَةً مُمَسِّكَةً فَتَطَهَّرُ بِهَا. قَالَتْ أَسْمَاءُ: وَكَيْفَ أَتَطَهَّرُ بِهَا؟ قَالَ: سُبْحَانَ اللَّهِ! تَطَهَّرِي بِهَا. قَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: كَأَنَّهَا تَخْفَى ذَلِكَ: تَتَبَّعِي بِهَا أَثَرَ الدَّمِ، وَسَأَلَتْهُ عَنْ غُسْلِ الْجَنَابَةِ فَقَالَ: تَأْخُذُ مَاءً فَتَطَهَّرُ فَتُحْسِنُ الطُّهُورَ أَوْ تَبْلُغُ الطُّهُورَ، ثُمَّ تَصُبُّ عَلَىٰ رَأْسِهَا فَتُدْلِكُهُ حَتَّىٰ يَبْلُغَ شُؤُونَ رَأْسِهَا، ثُمَّ تُفِيضُ عَلَيْهَا الْمَاءَ. فَقَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: نِعْمَ النِّسَاءُ نِسَاءُ الْأَنْصَارِ، لَمْ يَكُنْ يَمْنَعُهُنَّ الْحَيَاءُ أَنْ يَتَفَقَّهْنَ فِي الدِّينِ». «الْفِرْصَةُ»: بِكَسْرِ الْفَاءِ: الْقُطْعَةُ مِنْ صُوفٍ أَوْ قُطْنٍ أَوْ غَيْرِهِ. وَ«شُئُونُ الرَّأْسِ»: مَوَاصِلُ فَتَائِلِ الْقُرُونِ وَمُلْتَقَاهَا، وَالْمُرَادُ إِيصَالُ الْمَاءِ إِلَى مَنَابِتِ الشَّعْرِ مُبَالَغَةً فِي الْغَسْلِ.

Қазақша аудармасы

Мүслимдегі өзге нұсқада былай делінеді: «Әсма бинт Шәкал (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.) етеккірден кейін қалай ғұсыл алу керегін сұрады. Ол: “Сендердің бірің су мен сидр жапырағын алып, жақсылап тазалансын. Содан соң басына су құйып, шашының түбіне жеткенше жақсылап ысқыласын. Одан кейін үстіне су құйсын. Мүск сіңген бір үзім мақта алып, сонымен тазалансын”, – деді. Әсма: “Онымен қалай тазаланамын?” – деп сұрады. Пайғамбар: “Субханалла! Сонымен тазалан!” – деді. Айша (р.а.) дауысын бәсеңдетіп: “Мақтаны қанның ізі қалған жерге жүргіз”, – деді. Әсма одан жүніптіктен қалай ғұсыл алу керегін де сұрады. Ол: “Су алып, әбден тазалан. Содан соң басыңа су құйып, су шаштың түбіне жеткенше ысқыла. Одан кейін бүкіл денеңе су құй”, – деді. Айша (р.а.): “Ансар әйелдері қандай жақсы! Ұялшақтық олардың дінді терең үйренуіне кедергі болмады”, – деді».1

  1. 1Мүслим, «Хайыз» (332), Әсма бинт Шәкал туралы нұсқа.
3793
Кутуб ситтә, № 3793 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ أُمَيَّةَ بِنْتِ أَبِي الصَّلْتِ عَنِ امْرَأَةٍ مِنْ بَنِي غِفَارٍ قَدْ سَمَّاهَا. قَالَتْ: «أَرْدَفَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَىٰ حَقِيبَةِ رَحْلِهِ. قَالَتْ: فَوَاللَّهُ لَنَزَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى الصُّبْحِ فَأَنَاخَ، وَنَزَلْتُ عَنْ حَقِيبَةِ رَحْلِهِ فَإِذَا بِهَا دَمٌ مِنِّي، وَكَانَتْ أَوَّلَ حَيْضَةٍ حِضْتُهَا: قَالَتْ: فَتَقَبَّضْتُ إِلَى النَّاقَةِ وَاسْتَحْيَيْتُ. فَلَمَّا رَأَىٰ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مَا بِي، وَرَأَىٰ الدَّمَ. قَالَ: مَا لَكِ؟ لَعَلَّكِ نَفِسْتِ؟ قُلْتُ: نَعَمْ. قَالَ: فَأَصْلِحِي مِنْ نَفْسِكِ. ثُمَّ خُذِي إِنَاءً مِنْ مَاءٍ فَاطْرَحِي فِيهِ مِلْحًا. ثُمَّ اغْسِلِي مَا أَصَابَ الْحَقِيبَةَ مِنَ الدَّمِ. ثُمَّ عُودِي لِمَرْكَبِكِ. قَالَتْ: فَلَمَّا فَتَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَيْبَرَ رَضَخَ لَنَا مِنَ الْفَيْءِ، قَالَتْ: وَكَانَتْ لَا تَتَطَهَّرُ مِنْ حَيْضَةٍ إِلَّا جَعَلَتْ فِي طُهُورِهَا مِلْحًا، وَأَوْصَتْ بِهِ أَنْ يَجْعَلَ فِي غُسْلِهَا حِينَ مَاتَتْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. «نَفِسَتِ الْمَرْأَةُ»: بِضَمِّ النُّونِ وَفَتْحِهَا مَعَ كَسْرِ الْفَاءِ: إِذَا وَلَدَتْ، وَبِفَتْحِ النُّونِ فَقَطْ: إِذَا حَاضَتْ. «وَالرَّضْخُ»: الْعَطَاءُ الْقَلِيلُ. «وَالْفَيْءُ»: مَا يَحْصُلُ لِلْمُسْلِمِينَ مِنْ أَمْوَالِ الْكُفَّارِ وَدِيَارِهِمْ بِغَيْرِ قِتَالٍ.

Қазақша аудармасы

Үмәйя бинт Әбис-Салт есімін атап, Бәни Ғифар руынан бір әйелдің мына сөзін жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) мені түйесінің ерінің артына, жабындының үстіне мінгестірді. Аллаға ант етейін, таң ата ол түсіп, түйесін шөктірді. Мен де ердің артынан түстім. Жабындыға менен қан жұққан екен. Бұл менің алғашқы етеккірім еді. Ұялғаннан түйеге жабысып қалдым. Алла елшісі менің халімді байқап, қанды көргенде: “Не болды? Етеккірің келген шығар?” – деді. “Иә”, – дедім. Сонда ол: “Әуелі өзіңді ретке келтір. Содан кейін бір ыдыс су алып, оған тұз сал. Жабындыға жұққан қанды жу да, қайта мін”, – деді. Алла елшісі Хайбарды алғанда, түскен мал-мүліктен бізге де аздаған үлес берді».

Үмәйя бинт Әбис-Салт былай дейді: «Ғифарлық әйел етеккірден кейін жуынатын суына әрдайым тұз қосатын. Дүние салғанда, денесін жуатын суға да тұз қосуды өсиет етті».1

Түсіндірме

1. Хаттаби соңғы риуаятты былай түсіндіреді: «Киімге жұққан қанды жуу үшін суға тұз қосылған. Тұздың өзі азыққа жатады. Сабын кетіре алмаған кірді балмен жууға, сияның дағын сірке суымен кетіруге болады». Осы мысалдарға сүйеніп, ол қажет кезде тазалық үшін азық түрлерін қолдануға болады деген қорытынды жасаған.

2. Хадистегі «хақиба» – түйе ерінің артына жабылған жабынды. Алла елшісі (с.а.с.) қызды соған отырғызған. Сондықтан артына мінгескен кісі ерде отырған адамға жанаспайды.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат» (313).