Хадис

Кутуб ситтә, № 3753

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
506. Жүніп күйден тазару үшін ғұсыл алу
Нөмірі
№ 3753 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 21
3753
Кутуб ситтә, № 3753 · тараудағы реті: 21Риуаят етуші: Үммі Сәләма

وَعَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي امْرَأَةٌ أَشُدُّ ضَفْرَ رَأْسِي، أَفَأَنْقُضُهُ لِلْحَيْضَةِ وَالْجَنَابَةِ؟ قَالَ: لَا، إِنَّمَا يَكْفِيكِ أَنْ تَحْثِيَ عَلَى رَأْسِكِ ثَلَاثَ حَثَيَاتٍ، ثُمَّ تُفِيضِينَ عَلَيْكِ الْمَاءَ فَتَطْهُرِينَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِيَّ، وَهَذَا لَفْظُ مُسْلِمٍ. «الْحَثْيُ»: أَخْذُ الْمَاءِ بِالْكَفَّيْنِ وَرَمْيُهُ عَلَى الْجَسَدِ.

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.) былай дейді: «“Уа, Алланың елшісі, мен шашымды бекітіп өремін. Хайыз бен жүніптіктен ғұсыл алғанда өрімімді тарқатайын ба?” – деп сұрадым. Ол: “Жоқ. Басыңа үш рет алақаныңмен су алып құйсаң, содан кейін денеңе су құйып жуынғанда тазарасың”, – деді»1.

  1. 1Мүслим, «Хайыз», 58 (330); Әбу Дәуіт, «Таһарат», 100 (251–252); Тирмизи, «Таһарат», 77 (105); Нәсәи, «Таһарат», 150 (1/131).