وَعَنْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «سَتَرْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ يَغْتَسِلُ مِنَ الْجَنَابَةِ، فَغَسَلَ يَدَيْهِ، ثُمَّ صَبَّ بِيَمِينِهِ عَلَى شِمَالِهِ فَغَسَلَ فَرْجَهُ وَمَا أَصَابَهُ، ثُمَّ مَسَحَ بِيَدِهِ عَلَى الْحَائِطِ أَوِ الْأَرْضِ، ثُمَّ تَوَضَّأَ وُضُوءَهُ لِلصَّلَاةِ غَيْرَ رِجْلَيْهِ، ثُمَّ أَفَاضَ عَلَيْهِ الْمَاءَ، ثُمَّ نَحَّى رِجْلَيْهِ فَغَسَلَهُمَا. هَذَا غُسْلُهُ مِنَ الْجَنَابَةِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.
Мәймүна (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл алғанда, оны қалқалап тұрдым. Ол әуелі қолдарын жуды. Содан кейін оң қолымен сол қолына су құйып, жыныс мүшесін және оған жұққан ластықты жуды. Сосын қолын қабырғаға не жерге үйкеді. Намазға алатындай дәрет алды, тек аяқтарын жумады. Артынша үстіне су құйды. Одан соң орнынан шетке шығып, аяқтарын жуды. Алла елшісі (с.а.с.) жүніптіктен осылай ғұсыл алатын»1.
- 1Бұхари, «Ғұсыл», 1, 5, 7–8, 10–11, 16, 18, 21; Мүслим, «Хайыз» (317); Әбу Дәуіт, «Таһарат» (245); Тирмизи, «Таһарат» (103); Нәсәи, «Таһарат», 161 (1/137), «Ғұсыл», 15, 22 (1/204, 208).