وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ «كَانَ إِذَا اغْتَسَلَ مِنَ الْجَنَابَةِ بَدَأَ فَغَسَلَ يَدَيْهِ، ثُمَّ يَتَوَضَّأُ لِلصَّلَاةِ، ثُمَّ يُدْخِلُ أَصَابِعَهُ فِي الْمَاءِ فَيُخَلِّلُ بِهَا أُصُولَ الشَّعْرِ، حَتَّى إِذَا ظَنَّ أَنَّهُ قَدْ أَرْوَى بَشَرَتَهُ أَفَاضَ الْمَاءَ عَلَيْهِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ غَسَلَ سَائِرَ جَسَدِهِ، ثُمَّ غَسَلَ رِجْلَيْهِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл алғанда, әуелі қолдарын жуатын. Содан кейін намазға алатындай дәрет алатын. Саусақтарын суға батырып, шашының түбін салалайтын. Бас терісіне су жеткеніне көзі жеткен соң, басына үш рет су құятын. Содан соң денесінің қалған жерін, ең соңында аяқтарын жуатын».