وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ أُمَّ سُلَيْمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا سَأَلَتْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْمَرْأَةِ تَرَى فِي مَنَامِهَا مَا يَرَى الرَّجُلُ، هَلْ عَلَيْهَا مِنْ غُسْلٍ؟ فَقَالَ: «نَعَمْ، إِذَا رَأَتِ الْمَاءَ». قَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: فَقُلْتُ لَهَا: تَرِبَتْ يَدَاكِ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «دَعِيهَا يَا عَائِشَةُ، وَهَلْ يَكُونُ الشَّبَهُ إِلَّا مِنْ قِبَلِ ذَلِكِ؟ إِذَا عَلَا مَاؤُهَا مَاءَ الرَّجُلِ أَشْبَهَ الْوَلَدُ أَخْوَالَهُ، وَإِذَا عَلَا مَاءُ الرَّجُلِ مَاءَهَا أَشْبَهَ الْوَلَدُ أَعْمَامَهُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ، وَهَذَا لَفْظُهُ، وَمَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Айша (р.а.) былай дейді: «Үммі Сүләйм (р.а.) Алла елшісінен (с.а.с.): “Әйел түсінде ер кісі көретіндей түс көрсе, оған ғұсыл алу міндетті ме?” – деп сұрады. Ол: “Иә, суды көрсе”, – деді. Мен Үммі Сүләймге: “Құдай ақырын берсін!”1 – дедім. Алла елшісі (с.а.с.): “Айша, оны жайына қалдыр. Баланың ұқсастығы осыдан болмаса, неден болады? Әйелдің суы еркектің суынан басым түссе, бала нағашыларына ұқсайды. Еркектің суы әйелдің суынан басым түссе, бала әкесінің бауырларына ұқсайды”, – деді»2.
- 1«Тәрибәт йәдәк» сөзбе-сөз «екі қолың топырақ болсын» дегенді білдіреді. Бұл жерде таңданыс пен жақтырмауды аңғартқан, ауыр қарғыс мағынасында айтылмаған. Қазақтың «Құдай ақырын берсін» дегені осыған жақын.
- 2Мүслим, «Хайыз», 33 (314); Мәлик, «Муатта», «Таһарат», 84 (1/51); Әбу Дәуіт, «Таһарат», 96 (237); Нәсәи, «Таһарат», 131 (1/112–113).