Хадис

Кутуб ситтә, № 3408

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
459. Науқастың көңілін сұрау
Нөмірі
№ 3408 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 9
3408
Кутуб ситтә, № 3408 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ غُلَامًا مِنَ الْيَهُودِ كَانَ يَخْدُمُ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَمَرِضَ فَعَادَهُ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَعَدَ عِنْدَ رَأْسِهِ فَقَالَ لَهُ: أَسْلِمْ. فَنَظَرَ إِلَى أَبِيهِ وَهُوَ عِنْدَهُ، فَقَالَ: أَطِعْ أَبَا الْقَاسِمِ فَأَسْلَمَ، فَخَرَجَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ يَقُولُ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَنْقَذَهُ بِي مِنَ النَّارِ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) айтады: «Алла Елшісіне (с.а.с.) бір яһуди бала қызмет ететін. Бір күні ол сырқаттанып қалды. Пайғамбарымыз көңілін сұрап барып, бас жағына отырды да, “Мұсылман бол!” деді. Бала қасындағы әкесіне қарады. Әкесі “Әбул-Қасымның сөзін тыңда” деді. Бала Исламды қабылдады. Алла Елшісі шығып бара жатып, “Оны менің себепкерлігіммен тозақ отынан құтқарған Аллаға мадақ” деді».1

Түсіндірме

Ғалымдар хадистен мынадай тұжырымдар шығарған:

• Өзге дін өкілін қызметке алуға және сырқаттанғанда оның көңілін сұрауға болады.

• Мұндай істің негізі – ізгі ниет.

• Жасөспірімді қызметке алуға болады.

• Балаға Исламды таныстырып, оны қабылдауды ұсынуға болады. Бұған хадистегі «Оны менің себепкерлігіммен тозақ отынан құтқарған Аллаға мадақ» деген сөз дәлел ретінде келтіріледі.

• Автордың түсіндіруінше, бала күпірліктің не екенін түсіне тұра оны ұстанып, сол күйде дүниеден өтсе, ақыретте соған сай жауап береді.

  1. 1Бұхари, «Жанаиз», 80 (1356), «Науқастар», 11 (5657). Әбу Дәуіт, «Жанаиз», 5 (3095).