Хадис

Кутуб ситтә, № 3409

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
459. Науқастың көңілін сұрау
Нөмірі
№ 3409 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 10
3409
Кутуб ситтә, № 3409 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: مِنْ السُّنَّةِ تَخْفِيفُ الْجُلُوسِ، وَقِلَّةُ الصَّخَبِ فِي عِيَادَةِ الْمَرِيضِ. أَخْرَجَهُ رَزِينُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) «Науқастың көңілін сұрап барғанда, көп отырмай, дабырламау – сүннет» деген.1

Түсіндірме

Бұл риуаят науқастың қасында ұзақ отырмай, дабырлап мазасын алмауды үйретеді. Алла Елшісі (с.а.с.) сырқаттанғанда, бір нәрсе жаздырып қалдыру үшін қағаз бен қалам сұратқан. Қасындағылар сол күйде бір нәрсе жаздыру жөн бе деп сөз таластыра бастағанда, Пайғамбарымыз «Мені оңаша қалдырыңдар» деген. Ғалымдар осы оқиғадан науқасқа барудың аталған әдебін түйген.

  1. 1Разиннің қосымшасы. Оқиғаның негізі үшін қараңыз: Бұхари, «Ілім», 39, «Жиһад», 176, «Жизия», 6, «Мағази», 83, «Иғтисам», 26, «Науқастар», 17.