وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ فِي وَتْرِهِ: اللَّهُمَّ إِنَّى أَعُوذُ بِرِضَاكَ مِنْ سَخَطِكَ، وَبِمُعَافَاتِكَ مِنْ عُقُوبَتِكَ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْكَ، لَا أُحْصِى ثَنَاءً عَلَيْكَ، أَنْتَ كَمَا أَثْنَيْتَ عَلَى نَفْسِكَ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.
Қазақша аудармасы
Әзірет Әли (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) үтірінде мына дұғаны айтатын: “Уа, Алла! Қаһарыңнан разылығыңа, жазаңнан есендік беруіңе сыйынамын. Өзіңнен Өзіңе сыйынамын. Саған айтылар мадақты санап тауыса алмаймын. Сен Өзіңді қалай мадақтаған болсаң, сондайсың”».1
- 1Тирмизи, «Дағуат», № 3561. Әбу Дәуіт, «Үтір», № 1427. Нәсәи, «Қиямул-ләйл», № 1747.