وَعَنْ عِمْرَانَ بْنَ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «صَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الظُّهْرَ فَجَعَلَ رَجُلٌ يَقْرَأُ خَلْفَهُ بِسَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الأَعْلَى. فَلَمَّا انْصَرَفَ قَالَ: أيُّكُمُ الْقَارِئُ؟ قَالَ الرَّجُلُ أنَا. قَالَ: قَدْ ظَنَنْتُ أَنَّ بَعْضَكُمْ خَالَجَنِيهَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Имран ибн Хусайн (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бесін намазына тұрды. Артындағы бір кісі ﴿سَبِّحِ ٱسْمَ رَبِّكَ ٱلْأَعْلَى﴾ “Ұлық, асқақ Раббыңның есімін ұлықта!” деп басталатын «Ағла» сүресін оқыды. Алла елшісі (с.а.с.) намаздан соң: “Оқыған кім?” – деп сұрады. Әлгі кісі: “Мен”, – деді. Ол: “Расында, араларыңнан біреу қырағатымды бөліп жібергенін сездім”, – деді».1
Түсіндірме
Алдыңғы хадистегідей, Алла елшісі (с.а.с.) өзі оқығанда жамағаттың оған қабаттаса қырағат еткенін құптамаған. Жамағат содан кейін қырағатты доғарған. Имамның артында қырағат ету жөніндегі ғалымдардың үш пікірі алдыңғы хадисте баяндалды.
- 1Мүслим, Салат: 47, (398); Әбу Дәуіт, Салат: 138, (828); Нәсәи, Ифтитах: 27, 28, (2, 140-141).