Хадис

Кутуб ситтә, № 2541

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
354. Намазда оқылатын сүрелер
Нөмірі
№ 2541 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2541
Кутуб ситтә, № 2541 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Амр ибн Хурәйс

وَعَنْ عَمْرٍو بْنِ حُرَيْثٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقْرَأُ فِي الْفَجْرِ إِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ، وَاللَّفْظُ لَهُ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Хурәйс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) таң намазында ﴿إِذَا ٱلشَّمْسُ كُوِّرَتْ﴾ “Күн шиыршықталып, сәулесі сөнген кезде,” деп басталатын “Тәкуир” сүресін оқығанын естідім».1

  1. 1Мүслим, Салат: 164, (456); Әбу Дәуіт, Салат: 135, (817); Нәсәи, Ифтитах: 44, (2, 157);.