Хадис

Кутуб ситтә, № 2466

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
349. Азан тарихында есімі аталатын сахабалар
Нөмірі
№ 2466 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
2466
Кутуб ситтә, № 2466 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Біләл

وَعَنْ بِلَالٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: لَا تُؤَذِّنْ حَتَّى يَسْتَبِينَ لَكَ الْفَجْرُ هَكَذَا، وَمَدَّ يَدَيْهِ عَرْضًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Біләлден (р.а.) жеткен риуаят бойынша, Алла елшісі (с.а.с.) екі қолын екі жаққа жайып: «Таң шапағы саған осылай анық көрінбейінше, азан айтпа», – деді.1

Түсіндірме

Бұл риуаят бойынша, таң шапағы білінбей тұрып азан айтуға болмайды. Алайда риуаят мунқатиғ, яғни жеткізу тізбегі үзік. Жоғарыда келтірілген Бұхари хадисі Біләлдің (р.а.) таң шапағы білінбей, ораза ұстайтын адамдарға ішіп-жеуге әлі рұқсат болған кезде азан айтқанын көрсетеді. Сахих хадис бар жерде әлсіз хадиске сүйеніп амал етілмейтіні белгілі.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат» (534). Әбу Дәуіт бұл риуаяттың жеткізу тізбегі үзік екенін көрсеткен.