Хадис

Кутуб ситтә, № 2467

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
349. Азан тарихында есімі аталатын сахабалар
Нөмірі
№ 2467 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
2467
Кутуб ситтә, № 2467 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ سَائِلًا سَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ وَقْتِ الصُّبْحِ فَأَمَرَ بِلَالًا فَأَذَّنَ حِينَ طَلَعَ الْفَجْرُ، فَلَمَّا كَانَ مِنَ الْغَدِ أَخَّرَ الْفَجْرَ حَتَّى أَسْفَرَ. ثُمَّ أَمَرَهُ فَأَقَامَ فَصَلَّىٰ. ثُمَّ قَالَ: هَذَا وَقْتُ الصَّلَاةِ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Бір кісі Алла елшісінен (с.а.с.) таң намазының уақытын сұрады. Ол Біләлге азан айтуды бұйырды. Біләл таң шапағы білінгенде азан айтты. Келесі күні ол таң әбден ағарғанша күтті. Содан соң Біләлге қамат айтқызып, намаз оқыды. Одан кейін әлгі кісіге: “Намаздың уақыты – осы”, – деді».1

  1. 1Нәсәи, «Азан» (642), «Таң намазының азаны» тарауы.