وَلَهُ عَنِ الْمُغِيرَةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ بَاعَ الْخَمْرَ فَلْيُشَقِّصِ الْخَنَازِيرَ».
Қазақша аудармасы
Әл-Муғира (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кім ішімдік сатса, доңызды да бөлшектеп сатсын», – деген.1
Түсіндірме
أَيْ: فَلْيَقْطَعْهَا كَالْقَصَّابِ وَيَبِيعْهَا.
Бұл хадисте ішімдік сатудың харамдығы одан жирендіретін қатаң теңеу арқылы айтылған. Жұрттың көбі доңыз етінен бойын аулақ ұстайды, ал ішімдікке әуестенетіндер аз емес. Харамдығы жағынан екеуінің үкімі бірдей. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осыны теңеу арқылы білдірген.
- 1Әбу Дәуіт, «Буюғ», 66 (3489).