Хадис

Кутуб ситтә, № 1912

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
261. Тістер
Нөмірі
№ 1912 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
1912
Кутуб ситтә, № 1912 · тараудағы реті: 2

وَعَنِ ابْنِ الْمُسَيِّبِ قَالَ: «قَضَى عُمَرُ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي الْأَضْرَاسِ بِبَعِيرٍ بَعِيرٍ، وَقَضَى مُعَاوِيَةُ فِي كُلِّ ضِرْسٍ بِخَمْسَةِ أَبْعِرَةٍ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн әл-Мусайяб (Алла оған рақым етсін) былай дейді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) әр азу тіс үшін бір түйе, ал Муғауия (р.а.) әр азу тіс үшін бес түйе төлеуге үкім етті».1

Түсіндірме

«Тәйсирдің» арабша мәтінінде Омар (р.а.) әр азу тіске екі түйе белгілегені жазылған. «Мууаттаның» түпнұсқасы мен Зурқанидің түсіндірмесінде бір түйе делінген. «Тәйсирдің» осы тұсында жаңсақтық кеткен тәрізді. Мұндағы арабша мәтін де, аударма да «Мууаттадағы» нұсқаға сүйеніп берілді.

Бұған «Мууаттада» Имам Мәлик келтірген мына сөз де дәлел болады. Сағид ибн әл-Мусайяб былай деген: «Омардың (р.а.) үкімінде құн азаяды, Муғауияның (р.а.) үкімінде көбейеді. Олардың орнында болсам, әр тіс үшін екі түйе төлеуге үкім етер едім».

  1. 1Мәлик, «Мууатта», «Уқул», 7-тарау (2/861).