عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ هَذِهِ وَهَذِهِ سَوَاءٌ، يَعْنِي الْخِنْصَرَ وَالْإِبْهَامَ فِي الدِّيَةِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا مُسْلِمًا. وَزَادَ التِّرْمِذِيُّ: «دِيَةُ أَصَابِعِ الْيَدَيْنِ وَالرِّجْلَيْنِ سَوَاءٌ عَشْرٌ مِنَ الْإِبِلِ لِكُلِّ إِصْبَعٍ». وَلِلنَّسَائِيِّ: «فِي الْأَصَابِعِ عَشْرٌ عَشْرٌ».
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Мына екеуінің құны бірдей», – дегенін жеткізеді. Мұнда шынашақ пен бас бармақ меңзелген1.
Тирмизи нұсқасында: «Қол мен аяқ саусақтарының құны бірдей. Әр саусақ үшін он түйе төленеді», – деген қосымша бар.
Нәсәидің нұсқасында: «Әр саусақ үшін оннан құн төленеді», – делінген.
- 1Бұхари, Дият 20, Тирмизи, Дият 4, (1391, 1392); Әбу Дәуіт, Дият 20, (4558); Нәсәи, Қасама 42, (8, 56,57).